Мобильді көмек – маңызды жоба
Мобильді көмек – маңызды жоба
393
оқылды

Nur Otan партиясының бастамасымен қолға алынған игілікті шараның бірі – «Халыққа көмек» акциясы Алматыда жалғасын тапты.

Шара осыған дейін де ұйымдастыры­лып, оның алғашқысы шаһардағы базар қызметкерлері үшін өткізілген еді. Нә­тижесінде, аптаның алты күнінде сау­да­мен айналысып, өздерінің қоғамдық-әлеу­меттік мәселелерін шеше алмай жүр­ген азаматтар партия және мем­ле­кеттік орган өкілдерімен кездесіп, бір­қа­тар түйіндерін тарқатты. Яғни, акция­ның ерекшелігі – тиісті орган қыз­мет­кер­лері халық қызмет етіп жатқан орын­дар мен қаланың шалғай аймақ­тарына барып тұрғындардың мұң-мұқ­тажын тыңдайды. Түйткілді мәселелердің орындалуын партия тікелей қадағалап, бақылауда ұстайды.

Аталған акция партияның қалалық филиалы және мемлекеттік, құқықтық органдардың мұрындық болуымен тағы да өтті. Бұл жолғы шара мегаполистегі Ал­маты-1 вокзалында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өтінішін білдіріп, та­лап-тілегін жеткізуге келген адам­дар­дың қарасы көп болды.

– Бүгін біздің ауданның тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарды тиісті қыз­меткерлерге қойып, жауап алып жа­тыр. Кейбір күрделі мәселелер бойынша арнайы жиналыстар ұйымдастырылатын болды. Олардың проблемаларының шешілуіне барынша ықпал ететін боламыз, – деді Түрксіб аудандық пар­тия филиалы төрағасының бірінші орын­басары Нұрланбек Әжібаев.


Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ