176 көпбалалы отбасы баспаналы болады
176 көпбалалы отбасы баспаналы болады
263
оқылды

«Нұрлы жер» бағдарламасы өз нәтижесін беруде. Биылғы жылдың алты айында Ақмола облысында 323 мың шаршы метр үй беріліп, 3 мың отбасы баспаналы болды.

Бұл туралы Ақмола об­лыс­тық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Ысқақова хабарлады.

– «Нұрлы жер» бағдарла­ма­сы қолға алынған 2017 жылдан бері, облыста барлығы 1227,4 мың шаршы метр пәтер пайда­ла­нуға берілді. Қазіргі кезде тұр­ғын үй құрылыс жинақтау жүйесімен жалдамалы және несие арқылы берілетін бас­паналардың құрылысы жүр­гізілуде. «Биылғы жылға об­лыс­та тұрғын үй құрылысы үшін 12,5 миллиард теңге қар­жы ба­ғытталды. Оның 10,1 мил­лиард теңгесі – республикалық, 2,4 миллиард теңгесі облыстық бюджет есебінен қаржылан­дырылып отыр», – деді ол өңір­лік коммуникациялар қыз­ме­тінде өткен брифингте.

Негізінде биыл Ақмола облысында 501,9 мың шаршы метр баспана немесе 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беру жоспарланса, алты айдың қо­рытындысы бойынша 323 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп, 3 мың отбасы баспаналы болып үлгерген. Наурыз айынан бас­тап, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды ба­с­панамен қамтамасыз ету бағ­дарламасы бастау алды. Көп­ба­лалы отбасылардың жалдамалы баспана алуына және тұрғын үй құрылысы үшін республика бойынша өңірлерге 50 мил­лиард теңге қаржы бөлу көз­дел­ген. Осы бағытта жалпы 7 жыл ішінде 350 миллиард теңге қаржы бөлу қарасты­ры­лып отыр. Яғни, бұл жыл сайын көпбалалы 6 мың отбасын пә­термен қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді. «Биыл Ақмола облысына республикалық бюд­жет есебінен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отба­сыларды баспанамен қамта­масыз ету үшін 1,4 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 1,2 миллиард теңгесі көпбалалы отбасыларға салы­натын жалдамалы тұрғын үйдің құрылысына, 220,4 миллион теңгесі көпбалалы отбасыларға жалдамалы тұрғын үйді сатып алу үшін көзделген. Жалдамалы тұрғын үй құрылысы және жалдамалы тұрғын үй сатып алу бағыттарын жүзеге асыру шеңберінде жыл соңына де­йін облыс бойынша барлығы 176 көпбалалы отбасын бас­панамен қамтамасыз ету жос­пар­ланып отыр», – дейді Елена Ысқақова.