Сұрағыңызға жауап аласыз
Сұрағыңызға жауап аласыз
5,329
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының төрт аудандық әкім­дігінде ашық есік күні өтті. Қабылдау барысында қала тұрғындары өздерінің өтініштері мен ұсыныстары бойынша аудан әкімінен, қалалық басқарма басшыларынан тікелей жауап алады.

Мұның алдында Нұр-Сұл­тан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік мәселемен қала тұрғындарын қабылдаған болатын. Қабылдауға басқарма басшылары, аудан әкімдері мен Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кінің өкілдері қатысып, тұр­ғындардың сауалдарына жауап берді. Елорда әкімі «Мек­­тепке жол» акциясы бо­йынша кім­дердің балаларына оқу жабдық­тарын алуға көмек көрсе­ті­летінін, кімдерге «Бақыт­ты от­басы» тұрғын үй бағдар­ламасы бойынша үй кезегіне тұруға бо­латынын қабылдауда айтқан болатын. Қала әкімі көпбалалы, ерекше қажетті­лік­тері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен, аз қам­тылған отбасылармен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұра­ды. Бір ай көлемінде өткізілген азамат­тарды қабылдау кезінде қала әкімі 200-ден астам адам­мен кездесіп, нәтижесінде, 700-ден астам сұрақ бақылауға алынған.

Алдағы уақытта «Ашық әкім­дік» астананың барлық аудан тұрғындарымен тиімді кері байланыс орнататын тұ­рақты алаңға айналатын бо­лады. «Бұл – мемлекеттік қыз­меттердің ашықтығы мен қол­жетімділігін, сапасын қамта­масыз ететін сұхбат алаңы. Осы­лайша, қала тұрғындары алдын ала жазылусыз мем­лекеттік орган өкілдерімен ті­келей кездесіп, өздерінің түйт­кілдерін жеткізе алады. Құ­қықтық және әлеуметтік көмек алу мәселелерін шешеді. Елор­далықтар кеңес және өз сауал­дарына жауап алу үшін тұрғы­лықты жері бойынша аудан әкімі аппараттарына жүгіне алады» дейді әкімдіктің баспа­сөз орталығы.

Ашық есікті 10.00-ден 13.00-ге дейінгі аралықта Ал­маты ауданы әкімінің аппараты Тәуелсіздік даңғылы, 7 мекен­жайында орналасқан аудан әкім­дігінің ғимаратында, Бай­қоңыр ауданының әкімдігі «Жастар» сарайында (Респуб­лика даңғылы, 34), Есіл ауда­ны­ның әкімдігі аудандық әкім­дік ғимаратында (Қабанбай батыр көшесі, 33), Сарыарқа ауданының әкімдігі Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайында орналасқан әкімдік ғимара­тында өткізеді.