Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды
Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды
фото: ашық дереккөз
248
оқылды
Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор, медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин карантинді жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды. Бұл туралы Локшин Atameken Business телеарнасына берген сұқбатында айтты. Ол пандемияны басқа жолмен жеңу мүмкін емес деп санайды. "Індетке шалдыққандардың 70 пайызында ауру жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Алайда біздің денсаулық саласына науқастардың 30, 20, тіпті 10 пайызының өзі ауыр салмақ салды. Карантинді ұзарту – өте дұрыс шара. Менің ойымша, оны жыл соңына дейін ұзарту қажет. Стадиондардың көбін төсек-орынмен жабдықтауға болады. Бірақ бұл проблеманың шешімі емес. Біздің осыншама дәрігеріміз, қаржылық мүмкіндігіміз жоқ. Пандемиямен тек карантиннің көмегімен күресуге болады", - деп мәлімдеді профессор. Оның айтуынша, Үкімет тарапынан айқын, түсінікті іс-қимыл байқалып отырған жоқ. "Ауру жұқтырғандардың өсуіне денсаулық сақтау министрлігін неге кінәлайтынын дәрігер ретінде түсінбеймін. Министрлік індеттің таралуын қалай тоқтата алады? Бұл мүлдем басқа ведомстволардың міндеті", - дейді Локшин.