Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Ахметжан Есімовпен жүздесті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа «Самұрық-Қазына» АҚ-тың басты өндірістік және қаржы көрсеткіштеріне қол жеткізу жұмыстары туралы айтты. Ахметжан Есімовтің айтуынша, алғашқы тоқсандағы таза кіріс былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 50% өсіп, 749 млрд теңгеге жеткен. Операциялық кірістер 492 млрд, сатудан алынған табыстар 3,3 трлн теңгені құраған. Бұл 2018 жылдағы көрсеткіштен 36% және 12% артық. Жүздесуде Елбасы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларға қор белсенді қатысу тиіс екенін айтты.
elbasy.kz