Кәріз жүйесі тексерілді
Кәріз жүйесі тексерілді
455
оқылды

Nur Otan партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында Сарысу аудандық партия филиалының белсенділері Жаңатас қаласының кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарының барысына зерделеу жүргізді.

Партия өкілдері қаланың Дегерес ай­мағындағы, №3 ықшамаудандағы қай­та қалпына келтіру және №6 ықшамау­дан­дағы кәріз жүйелерін тарту бары­сын­да бұзылған ішкі кварталдық жолдарды жөн­деу жұмыстарының барысымен та­нысты. Кәріз жүйесін қайта жаңғырту жұ­мыстары биылғы жылдың қазан айын­да аяқталады деп жоспарланған.

Жалпы, Жаңатас қаласының кәріз ж­е­лілерін және тазалау ғимараттарын қай­та жаңғырту жұмыстары 2013 жылы бас­талған болатын. Нысанның сметалық құ­ны – 1 миллиард 700 миллион теңге. Кә­різ желілерінің жалпы ұзындығы 60 ша­қырымнан асады. Бүгінгі таңда 58 ша­қырым бітіп, жұмыстар толығымен аяқ­талуға жақын. Биылға жоспарланған 248 миллион теңге қаражаттың әзірге иге­рілгені – 150 миллион теңге. Бұл қара­жатқа 6 шақырым кәріз желісі, 450 құ­дықша, 450 люк және құдықшаларға тү­сіп-шығатын темір сатылар орна­ты­ла­ды. Жаңатас қаласында 6-ықшамауданда және 2-ықшамауданда асфальт төселеді.

– 50 жылдық тарихы бар өндірісті қа­ла Жаңатастың кәріз жүйесі жаңар­ма­ғалы бірталай жылдың жүзі болған. Кәріз жүйесін жаңғырту жөніндегі ауқымды жұ­мыс 2013 жылы басталды, биыл толық аяқ­талады деп отырмыз. Былтыр қала­ның ауызсу жүйесі жаңарып пайдалануға берілсе, биыл кәріз жүйесі іске қосылып, қа­ланың 50 жылдық мерейтойына та­маша тарту болды. Мердігер «СК-Ретма» ЖШС-і кәріз жүйесін тарту кезінде бұ­зыл­ған ішкі квартал жолдары мен ықшамаудандардағы көпқабатты тұрғын үй­лер алдындағы жол жиектемелерін жаңа­лау жұмыстарын қоса жүргізуде. Қа­зан айының аяғына дейін қаладағы көп­қабатты тұрғын үйлер мен жеке сек­тордағы үйлердегі кәріз жүйесі жаңар­ты­лып, іске қосылады, – дейді Nur Otan пар­тиясы Сарысу аудандық филиалы тө­ра­ғасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков.

Жамбыл облысы