Көбейтұз көлінің тұзы 5 мың теңгеден сатылып жатыр
Көбейтұз көлінің тұзы 5 мың теңгеден сатылып жатыр
© сурет интернеттен алынды
290
оқылды
Көбейтұз көлінің тұзы әлеуметтік желіде 5 мың теңгеден саудаланып жатыр.  Сатушының айтуынша, ол коронавирусқа шалдыққандарға таптырмайтын ем.
«Көбейтұздың тұзын сатамын. Келісі – бес мың теңге. Көптеген ауруға ем. Коронавирус пен іш өту жағдайында көмектеседі. Тамақты шайып, асқа қосуға болады. Тұзды ваннаға да жақсы. Пікірге қалдырыңыз. Өзіміз сізге жазамыз. Он шелек қана қалды», - делінген Instagram-дағы хабарламада.
Алматыда өткен онлайн брифингте инфекционист дәрігер Тамара Утағанова тұздың емдік қасиетіне қатысты өз пікірін айтты.
«Жұрт коронавирус тұзды суда өледі деген көп айта бастады. Ол жалған ақпарат. Коронавирусты тек антисептик пен дезинфекциялық құралдары жояды. Қазір Қазақстанның өзінде емдеу хаттамасының 11 редакциясымен емдеп жатырмыз. Емдеу хаттамасы бүкіл әлем бойынша жиналған тәжірибе, үйренген машықтар, дәрілердің қолдану тәжірибесі, диагностикалық құралдарды қолдану тәжірибесі жинақталғанда өзгеріп отырады. Қазір Қазақстандавирусқа қарсы терапия қайта қаралғаны рас. Бұрын ДДҰ ұсынған «Гидрокслиохлорохин», «Лапиновир» препараттарына қазір тыйым салынған. Оның орнына «Ремдесивир», «Фавипировир» препараттары қосылды», - деді Т.Утағанова