Nur Otan партиясының 2018 жыл бойынша кірістері мен шығыстары туралы есебіне түсіндірме жазба
Nur Otan партиясының 2018 жыл бойынша кірістері мен шығыстары туралы есебіне түсіндірме жазба
5,348
оқылды

Nur Otan партиясының 
Саяси кеңесі Бюросының
2019 жылғы 8 тамыздағы 
№ 009PQ қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

таи 1.JPG
таи 2.JPG

Nur Otan партиясы өз қыз­метін Қазақстан Респуб­лика­сының Конституциясына, «Сая­си партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, партия Жарғысына, Доктринасына және Бағдар­ла­ма­сына сәйкес жүзеге асырады. Пар­тия 1999 жылдан бастап қыз­ме­тін атқарады. 2018 жылғы 31 жел­­тоқ­сан бойынша партия мүше­лерінің саны 1 018 406 адамды құрады.

Партия орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Рес­публикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.

Есепті жасау әдісі. Партияның кірістері және шығыстары туралы есеп кассалық әдіспен, ұлттық валютада – теңгемен, өлшем бір­лігі – мың теңгемен жасалды.

2018 жыл бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп Пар­тия орталық аппараты, 17 аймақ­тық (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент қалалары, облыстар), 217 ау­мақтық филиал (оның ішінде 181 аудандық және 36 қалалық фи­лиалдар), ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында құрыл­ған 13 филиал және партия құрған немесе оның қатысуымен құрыл­ған ұйымдар бойынша деректерді қамтиды.

2018 жыл бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бю­росының шешімімен (2019 жыл­ғы 8 тамыздағы № 009PQ қаулы) бекітілген.

Партия құрған немесе оның қатысуымен құрылған ұйымдар. Партия құрылымында: Nur Otan партиясының Cтрате­гия­лық бас­та­малар институты» және Nur Otan партиясының Саяси ме­недж­мент академиясы» ком­мер­­циялық емес ұйымдар (жеке ме­кемелер) өз қызметін жүзеге асы­рады. Сондай-ақ пар­тия 2 ком­­мерциялық ұйым­ның 100% иесі бо­лып табылады: Nur Otan ша­руа­­шылық басқар­масы» ЖШС (бұ­­дан ары – ШАРБ) және «НҰР-Ме­диа» ЖШС (бұдан ары – Холдинг).

ШАРБ қызметінің негізгі ба­ғыттары – партияны сервистік-қосалқы қамтамасыз ету, ғима­раттарға қызмет көрсету, сондай-ақ полиграфиялық қызмет болып табылады.

Холдинг партияның респуб­ликалық баспа басылымдарын, теле- және радиоарналарын, сондай-ақ интернет ресурстарын біріктіретін партияның медиалық активі болып табылады.

Nur Otan партиясы өз қыз­ме­тін Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Конституциясына, «Қоғам­дық бір­лестіктер туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңына және Қазақстан Республи­ка­сы­ның басқа да нормативтік құқық­тық актілеріне, сондай-ақ Nur Otan партиясының бағдарлама­лық құжаттарына, Jas Otan Жар­ғысына және Бағдарламасына сәйкес жүзеге асыратын Jas Otan Жастар қанатына демеу­ші­лік көмек көр­се­теді. 2018 жылғы 31 желтоқсан бо­йынша Жастар қа­наты мүше­ле­рінің саны 164 156 адамды құрады.

І. 2018 жыл бойынша кірістер

Партияның кірістері 9 903 197 мың теңге, оның ішінде ком­мер­циялық емес қызметтен кірістер 9 145 128 мың теңге, коммер­ция­лық қызметтен кірістер 758 069 мың теңге құрады.

Кірістер келесі кіріс көзде­рі­нен қалыптасады:

– республикалық бюджет қара­жатынан;

– партиялық жарналардан;

– кәсіпкерлік қызметтен тү­сетін кірістерден (активтерді басқару, үй-жайларды жалға беру және т.б.);

– Қазақстан Республикасы аза­мат­тарының, мемлекеттік емес ұйым­дарының және т.б. қа­йыр­малдықтарынан құралады.

1. Республикалық бюджеттен саяси партияларды қаржылан­дырудан кірістер 5 247 042 мың теңгені құрады.

Мемлекеттік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Орта­лық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысымен бекітіл­ген Саяси партияларды қар­жы­лан­дыру ережесіне сәйкес жүзеге асы­рылады.

Бюджет қаражаты сайлау қо­рытындылары бойынша Қазақ­стан Республикасының Мәжілі­сінде ұсынылған барлық саяси пар­тияларға жыл сайын бөлінеді. Бюджеттік қаражаттың мөлшері сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партиялар үшін дауыс берген сайлаушы­лар­дың әрбір дауысы үшін ең төменгі жалақы мөлшерінің 3 пайызы есебімен айқындалады.

2. Партиялық жарналардан кірістер 2 346 898 мың теңгені құ­рады. Ай сайынғы партиялық жарналар 2018 жылы партияның Жарғысымен келесі мөлшерде белгіленген:

еңбекке жарамды жастағы жұмыс істейтін азаматтар – «Рес­публикалық бюджет туралы» Қа­зақстан Республикасының За­ңы бойынша тиісті қаржылық жылға бекітілген айына ең төмен­гі жа­лақы мөлшерінің 1%-ы (282,84 теңге) және партия мүшесінің қалауы бойынша одан да жоғары;

студенттер, жоғары және жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тыңдаушыла­ры – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Респуб­ли­касының За­ңы бойынша тиісті қаржылық жылға бекітілген айына ең төмен­гі жалақы мөл­шерінің 0,1% (28,3 теңге) және партия мүшесінің өз қалауы бо­йынша одан да жоғары.

Зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыстағы адам­дар мүшелік партиялық жарна­ларды төлеуден босатылған.

3. Демеушілік және қайырым­ды­лық көмектің сомасы 405 226 мың теңгені құрады. Заңнамаға сәйкес партияға қайырымдылық тек Қазақстан Республикасының азаматтарынан және мемлекеттік емес ұйымдарынан қабылданады.

4. Салымдар бойынша сыйа­қы­­лар сомасы 1 145 962 мың тең­гені құ­рады. Барлық салымдар Қа­зақ­стан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде ор­налас­тырылған. Шетелдік банктерде пар­тияның есеп­шот­тары мен са­лымдары жоқ.

5. Жалға беруден алынған кі­ріс­тер 757 642 мың теңгені құрады.

6. Өзге кірістер 427 мың теңге­ні құрады.

II. 2018 жыл бойынша
шығыстар

Партияның шығыстары 8 972 430 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1. Еңбек ақысын төлеу және әлеу­меттік төлемдер бойынша шығыстар 4 293 752 мың теңгені құрады. Бұл бапта Орталық аппа­рат пен партия филиалдарының штаттағы қызметкерлеріне, сон­дай-ақ техникалық персоналға еңбекақысын төлеу шығыстары көрсетілген. 2018 жылғы 31 жел­тоқсан бойынша партия қыз­меткерлерінің штаттық саны 1 202 бірлікті (Орталық аппарат және 247 филиал) құрады.

2. Негізгі құралдарды және ма­­те­риалдық емес активтерді ұс­тау мен қызмет көрсетуге арнал­ған шығыстар 1 299 108 мың тең­гені құрады. Аталған бапқа негізгі құ­ралдар мен материалдық емес ак­тивтерді ұстауға арналған шы­ғыстар, коммуналдық шығыстар, ғимараттарды ағымдағы жөндеу, қызмет көрсетуші персоналға ақы төлеу, запастар мен материалдар, банк қызметтері, ғимараттардың қауіпсіздігі бойынша шығыстар, көлік қызметтері және өзге де шығыстар кіреді.

3. Іссапарлық шығыстар 134 739 мың теңгені құрады. Бұл бапта Орталық аппарат пен пар­тия филиалдары қызметкер­ле­рінің жол жүру, тәуліктік және тұру шығыстары көрсетілген.

4. Жалға алу ақысына арналған шығыстар 4 377 мың теңгені құ­ра­ды, бұл партия филиалдары үшін үй-жайларды және авто­кө­ліктерді жалға алумен байла­ныс­ты.

5. Байланыс қызметтеріне ар­нал­ған шығыстар 92 357 мың тең­гені құрады. Бұл бапқа интер­нет қызметіне, Орталық аппарат пен партия филиалының жер­гілікті және қалааралық бай­ла­нысына жұмсалатын шығындар енгізілген.

6. Сақтандыру және консуль­та­ция­лық қызметтерге арналған шы­ғыстар 10 985 мың теңгені құ­рады.

7. Салықтар және бюджетке тө­ленетін басқа да міндетті тө­лемдер 598 631 мың теңгені құ­рады. Бұл бапта салық заң­на­масына сәйкес корпоративтік табыс салығын, қосымша құн салығын, көлік, мүлік, әлеу­мет­тік, жер салығын төлеу, сондай-ақ әлеуметтік ау­дарымдар мен бюджетке төле­не­тін басқа да міндетті төлемдер бойынша шы­ғыстар көрсетілген.

8. Іс-шараларды ұйымдасты­ру­­ға және өткізуге арналған шы­ғыстар 501 596 мың теңгені құра­ды. Бұл бапта Орталық аппарат пен пар­тия филиалдарының пар­тиялық іс-шараларын, оның ішінде бас­тауыш партия ұйым­дарының республикалық және өңірлік форумдарын өткізуге жұм­салатын шығыстар көрсетілген.

9. Ақпараттық сүйемелдеуге ар­налған шығыстар 560 060 мың теңгені құрады. Бұл тармақта пар­тия қызметін ақпараттық қол­дау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында тапсырыстарды орналастыруға жұмсалатын шығыстар көрсетілген.

10. Еншілес ұйымдарды қар­жы­лан­дыруға арналған шығыстар 565 444 мың теңге сомасын құ­рады және оған Nur Otan пар­тиясының Cтратегиялық баста­малар институты» мен Nur Otan партиясының Саяси менеджмент академиясы» жеке мекемелерін қамтамасыз ету кіреді.

11. Демеушілік және қайы­рым­ды­лық көмек шығыстары 461 304 мың теңгені құрады. Бұл қаражат Jas Otan Жастар қанаты қоғам­дық бірлестігіне IV съезін, сон­дай-ақ, English for Jastar, «Сәтті қадам», «Гүлдене бер туған ел», Digital Nation, «Сакральный Ка­зах­стан», «Серпін-жастары» жас­тар пар­тиялық жобаларын іске асыру, республикалық жастар саяси лагерін өткізу, тақырыптық диа­лог алаңдарын және басқа да шараларды ұйымдастыру үшін бағытталды.

12. Күрделі салымдар 189 638 мың теңгені құрады. Бұл бапта ұйым­дастыру техникасын, материал­дық емес активтерді сатып алуға, сондай-ақ «Литер» және «Айқын» газеттерінің ре­дак­циясын Алматы қаласынан елордаға көшіруге жұмсалған шығыстар көрсетілген.

13. Партияның атрибути­ка­сына арналған шығыстар 69 689 мың теңгені құрады. Бұл бапта пар­тиялық билеттерді, партияның логотиптері бар жалауларды және өзге атрибутиканы шығаруға және жаңартуға арналған шығыстар көрсетілген.

14. Өзге шығыстар 190 750 мың теңгені құрады. Бұл бапта поли­гра­фиялық қызмет және Орталық аппарат пен партия филиал­да­рының өзге шығыстары көрсе­тілген.