Жарақатына байланысты маусым басына қатыса алмайтын атақты футболшылар (фото)
Жарақатына байланысты маусым басына қатыса алмайтын атақты футболшылар (фото)
398
оқылды

Марко Асенсио мен Лерой Сане келер жылдың көктеміне дейін алаңға шықпайды

«Ливерпуль» қақпашысы Алисон Бекер Ағылшын премьер-лигасының алғашқы турындағы «Норвичке» қарсы ойынға толыққанды қатыса алмады. Балтыр бұлшық етінен жарақат алған футболшы алаңды тастап шығуға мәжбүр болды. Бұл ойында оның командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Қызылдардың» ресми сайтының хабарлауынша, қақпашы алда 14 тамыз күні «Челсимен» болатын Еуропа Суперкубогына қатыса алмайды. Ол былтыр «Ромадан» 72,5 млн еуроға ауысып келген еді. Ол алғашқы маусымда-ақ «Ливерпульмен» Чемпиондар лигасын, ал осы жазда Бразилия құрамасымен Америка кубогын жеңіп алды. Ол сондай-ақ «Алтын доптан» үмітті ойыншылардың да қатарында бар. 

Маусым басталар сәтте ауыр жарақат алған тағы бір ойыншы – «Манчестер Сити» шабуылшысы Лерой Сане. Неміс футболшысы тобық тұсындағы байланыстырушы сүйектен жарақат алған. 

2407796-50054690-2560-1440.jpg

«Оның қанша уақыт алаңға шыға алмайтынын білмеймін. Әдетте мұндай жарақат алғандар 6-7 ай ойнамайды. Сондықтан келері жылы ақпанда немесе маусым айында жасыл алаңға оралар» дейді бас бапкер Хосеп Гвардиола. 

Сане «Манчестер Ситиде» 2016 жылдан бері ойнайды. Осы уақытқа дейін 134 матч өткізіп, 39 гол соққан. 45 мәрте нәтижелі пас берген. 

5b46e-Marko-Asensio.jpeg

Тура осындай жарақатты мадридтік «Реалдың» 23 жастағы жартылай қорғаушысы Марко Асенсио да алды. Жағдай Халықаралық чемпиондар кубогында «Арсеналға» қарсы матчта болған. Мадридтік клубтың хабарлауынша ойыншыға операция сәтті жасалған. Ол біраз уақыт ауруханада жатып, сосын барып қалыпқа келу процедураларына қатыспақ. Хавбек алаңға 2020 жылдың көктеміне қарай оралмақ. 

Перу құрамасы мен «Локомотив» шабуылшысы Джефферсон Фарфан да Ресей чемпионаты басталар қарсаңында жарақат алып қалды. 

orig.jpg

«Әзірге ақпарат анықталып жатыр. Бірақ жарақаты ауыр. Денсаулығының қалыпқа келуі алты айға созылмақ» дейді клуб дәрігерлері. Футболшы жарақатты Перу құрамасы сапындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде алыпты. 

Ол мәскеулік команда намысын 2017 жылдан бері қорғап келе жатыр. Былтырғы маусымда ол 26 матчқа қатысып, 9 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси жарақатына байланысты маусымның бір-екі айына қатыса алмауы мүмкін.

mesi-povreden.jpg

«Денсаулығы қалпына келіп жатыр. Чемпионаттың бастапқы кезіне дайын бола ма, жоқ па білмеймін. Әзірге бәрі қиындау» дейді команданың бас бапкері Эрнесто Вальвердо.

Футболшы командаға АҚШ-қа аттанар алдында маусым алдындағы дайындық кезінде жарақат алған. Медициналық штабтың мәлімдеуінше 32 жастағы ойыншы балтыр бұлшық етінен жарақат алған. 

8d0b86379078fcc3b26cb21efa45d57d5c65278557e73021967244.jpg

Жарақатына байланысты біраз матчты теледидардан тамашалайтын ойыншының бірі – «Реал» қақпашысы Тибо Куртуа. Табан буынынан жарақат алған қақпашының орынын Андрей Лунин баспақ. Ал командадағы бірінші нөмір Кейлор Навасқа тиесілі.