Екі дүркін олимпиада чемпионы кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуінде оңбай жеңіліске ұшырады
Екі дүркін олимпиада чемпионы кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуінде оңбай жеңіліске ұшырады
327
оқылды

Әуесқой бокста 52, 53 келі салмақ дәрежелерінде жұдырықтасқан

Екі дүркін олимпиада чемпионы атанған кубалық жартылай орта салмақ боксшысы Робейси Рамирес америкалық Адан Гонсалеске қарсы өткізген алғашқы кәсіпқой жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Бірінші раундтың алғашқы секундтарында-ақ кубалық боксшы салмақ тепе-теңдігін сақтай алмай канвасқа түсіп қалған. Ол кездесу бойы бірнеше соққы жіберіп алып, қорғанысын жиі ұмытып кеткен. Джебті тіпті де қолданбаған. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан америкалық боксшының еншісіне жазған.

Еске салсақ, 25 жастағы боксшы 2012 жылы Лондонда және 2016 жылы Риода олимпиада чемпионы атанған. Әуесқой бокста 52, 53 келі салмақ дәрежелерінде жұдырықтасқан.