Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Сенат депутаты болып тағайындалған қазақ журналистикасының қара нары, танымал журналист Нұртөре Жүсіпті құттықтады.
Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында: «Белгілі журналист, қарымды қаламгер Нұртөре Жүсіпті өзімнің және Nur Otan партиясының атынан Сенат депутаты болып тағайындалуымен құттықтаймын! Ол 10 жылдан астам уақыт партияға қарасты Aiqyn газетін басқарып, басылымның үздік атануына зор еңбек сіңірді. Тек соңғы бір жылда Н.Жүсіптің қоғамдағы өзекті мәселелерді арқау еткен 300-ден астам мақаласы жарияланды. Әріптесіміздің Парламент қабырғасында да абыройлы қызмет атқаратынына кәміл сенемін және сол жолда табыс пен сәттілік тілеймін!», – деп жазды.