Көмек сұрай келгенге есік ашық
Көмек сұрай келгенге есік ашық
424
оқылды

Nur Otan партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраимова, облыстық мәслихаттың аудандық №17 сайлау округінен сайланған депутат Әлімбек Жұмабаев «Бауыржан Момышұлы» бастауыш партия ұйымында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға алғаш болып Бауыр­жан Момышұлы ауылының тұрғыны Айсұлу Садықова келді. Ол жоғары оқу орнын бітіріп, мамандығы бойын­ша балабақшаға жұмысқа орналасуға жәр­демдесуді өтініп келіпті. Қабыл­дау­ға қатысып отырған Nur Otan пар­тиясы аудандық филиалы төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары Анар Ахме­това Айсұлудың бұған дейін ау­дан­дағы «Аягүл» балабақшасында бос орын бар дегенді естіп, оған орналасу­ға көмектесу үшін партияның облыс­тық филиалындағы қоғамдық қабыл­дау бөлмесіне хабарласқанын айтып өтті. Ал Үміт Ибраимова мен Әлімбек Жұ­мабаев Айсұлу Садықовадан ма­ман­­дығының сұрап отырған жұмы­сы­на сәйкестігін сұрады. Мамандығы – мектепалды даярлық тобының мұ­­­ға­лімі. Яғни, балабақша тәрбиешісі ма­­мандығына сәйкес келмейді. Де­ген­мен қабылдауға арнайы ша­қы­рыл­ған аудандағы «Аягүл» бала­бақ­шасы­ның меңгерушісінен мекемеде бос орын­ның бар-жоғын сұрады. Ол ба­лабақша әдіскерінің уақытша бала кү­тіміндегі демалыста екенін, орнына уа­қытша жұмыскер қабылданғанын, ме­кемеде бос жұмыс орны жоғын жет­кізді.

Қоғамдық қабылдауға келген аза­матша баласына «Мектепке жол» ак­циясы аясында көмек көрсетуді сұра­ды. Партия аудандық филиалы тө­ра­ғасының бірінші орынбасары Анар Ахметова жеткіншектің оқуда озат әрі зерек екеніне тоқталды. Абай­дың өлеңдерін жатқа оқитынын ай­тып, жаңа оқу жылында балаға мере­келік көңіл күй сыйлау үшін мектепке қажетті заттармен қамта­ма­сыз ету ке­ре­гін айтты. Облыстық мәсли­хат­тың депутаты Әлімбек Жұмабаев мұн­дай озат оқушыны қолдау қажетін ай­та келе, өз демеушілігімен озат оқу­шыға жаңа оқу жылына керек барлық киім-кешек, оқу құралдарымен қамту үшін жәрдем жасады. Қоғамдық қа­былдауды Nur Otan партиясы об­лыс­тық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраи­мова қорытып, партия өзінің сай­лауал­ды бағдарламасында азамат­тардың арыз-шағымдарына сергек қарауды негізгі жұмыс бағыттарының бірі етіп алғанын, оған қоғам мен мем­лекеттік органдардың көңілін ау­дара отырып, тиімді шешім қабыл­дау­ды ары қарай да назарда ұстай бере­тінін жеткізді.

Жамбыл облысы