«Биыл Нобель апталығы көп адам бір жерге жиналып, басқа елдерден лауреаттар Швеция мен Норвегияға келу, келмеу мәселесіне қатысты жаңа форматтарды өтпек» делінген қордың ресми хабарламасында.
Нобель сыйлығын табыстау рәсіміне, лауреаттардың ешқайсысы қатыса алмаса да шараны өткізбек ниетте.
«Біз 10 желтоқсанда Осло мен Стокгольмде Нобель сыйлығын тапсыру салтанатын әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптарын сақтау отырып өткізе аламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар кейбір лауреаттар шараға қатыса алмауы мүмкін, тіпті ешқайсысы салтанатты рәсімге келмеуі де ықтимал», – деп хабарлайды Нобель қоры.
Биыл Нобель лауреаттарының есімі 5-12 қазан аралығында белгілі болмақ.