95 жастағы алматылық коронавирусты жеңді
95 жастағы алматылық коронавирусты жеңді
Фото: Интернеттен алынды
5,236
оқылды
Ауруханаға аса ауыр жағдайда түскен қарияны тексеру барысында компьютерлік томографияның нәтижесі бойынша өкпенің 70% зақымдалғаны анықталды және оған екі жақты полисегментарлық пневмония диагнозы қойылды. Сонымен қатар қарияның көптеген ілеспелі аурулары болды. Атап айтар болсақ, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, артериялық гипертензия, ми қан тамырларының жас патологиясы, қан айналымының бұзылуы және үдемелі дисциркуляторлық энцефалопатия (прогрессивті мультифокалды немесе диффузды тамырлы мидың зақымдануы), сонымен қатар науқаста барлық көрсеткіштер бойынша өмірі қауіпті аймақта болды. Науқас 18 күн бойы стационарда ем қабылдады. Дәрігерлер оның жағдайын жақсарту үшін барлық мүмкіндікті жасады. Оның ішінде 8 күн науқасқа қосымша респираторлық қолдау көрсетілді.
«Бұл жағдайда науқасты кешенді интенсивті және вирусқа қарсы терапиядан жағымсыз салдарсыз коронавирус инфекциясынан толықтай емдеу мүмкін болды. Сондай-ақ, бұл адамның ішкі жағдайына, оның өмір сүруге, отбасына, жақындарына оралуға деген ниетіне де байланысты! Бұл біздің стационарымыздағы ең ересек науқас, ол коронавирусты жеңді», – дейді дәрігер-реаниматолог Бауыржан Сәрсембаев.
Аруынан айығып, отбасына оралған ата клиниканың барлық медициналық қызметкерлеріне олардың ерлігі үшін алғыс білдірді.