«ҚазТрансОйл» АҚ жас мамандар форумы аясында «Болашақ бүгіннен басталады» атты конференциясы өтті. Конференцияға «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов қатысты.
«Бүгінде «ҚазТрансОйлда» 32 жасты есептегенде 1213 жас маман жұмыс істейді. Жалпы компанияда барлығы 7 мыңнан аса адам еңбектенсе, жастар саны соның 18 пайызын құрайды. Бұл, әрине, көп емес. Жастар – біздің болашағымыз. Компания қазіргі уақытта жастарға үлкен үміт артады. Оларды қолдау мақсатында Жол картасы әзірленген. Бұл кешенді құжат жастардың кәсіби дамуын, инновация және технология, қауіпсіздік мәдениеті, патриоттық тәрбие, салауатты өмір салтын ұстану және қайырымдылық шараларды ұйымдастыру сияқты салалардан құралған», – деп атап өтті кездесуде Димаш Досанов.
Оның айтуынша бүгінгі күні компанияда кадрлық резервті жетілдіру саясаты іске асырылып жатыр. Кадр резервінде жас айырмашылық қарастырылмайды, оған кәсіби жас мамандар да енгізіледі.
«Биыл біз 5 жылға есептелген ауқымды жобаны бастадық – ол ақысы төленетін колледждер мен жоғарғы оқу орындары студенттерінің өндірістік тәжірибиесі. Біз мұнайқұбыршылардың жаңа толқынын студенттік шақтан-ақ тәрбиелеуге ниеттіміз. Маусым-шілде айларында жоғарғы оқу орындарынан 144, колледждерден 120 студент өндірістік тәжірибиеден өтті. Қазір компанияда жоғарғы оқу орындарынан 101 және колледждерден 155 студент өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Олардың кәсіби машықтануына компанияда барлық жағдай жасалған», – деді Димаш Досанов.
Конференция қатысушылары ток-шоу форматында бас директормен шектеулі ресурстар әлеуетінде компанияның дамуы, жұмыс процессіне цифровизацияның әсері туралы жан-жақты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар сарапшылық пікірлерімен жас мамандармен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Орал Ыдырысов, «Самұрық-Қазына» АҚ жобалар портфелін басқару департаментінің директоры Мадияр Сұлтанбек, «ҚазТрансОйл» АҚ эксплуатация департаментінің жетекші инженері Данияр Смағұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративті университетінің атқарушы директоры Дәурен Беспалинов, «Жас Өркен» бағдарламасының түлегі «Самұрық–Қазына» Корпоратвиті университетінің сараптама және роботизация орталығының сарапшы – менеджері Әбіл Әбдіханов бөлісті.
Бұған қоса, жастар форумы аясында ғылыми-практикалық конференция болды. Форумда жас рационизаторлар оқшауланған құбырды автоматты түрде алу бойынша жаңа технологиялар, тазалау құбырларын онлайн тәртібінде талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы мониторинг жасау туралы баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ, мұнай құбыры үстіндегі ішкі корроздық процесстерді зерттеу нәтижелері, мұнай-газ саласындағы роботталған инспекциялық жүйе, мұнай құбыры камерасындағы төмен температура деңгейінде мұнай тасымалының тиімді тәсілдері туралы айтып берді.
SmartTran бағдарламалық қамту туралы баяндама тыңдалды. Бұл жоба мұнай айдау стансаларында мұнай тасымалын тиімді әрі қауіпсіз жүргізуге, мұнай тасымалын бақылауға мүмкіндік беретін теңдесі жоқ бағдарлама.
Жас мамандар «Көпшілік алдында сөйлеу мәнері», «Time management», «Ұқыпты өндіріс» тақырыптар аясында тренингтеріне қатысты.
Форум барысында құрмет грамоталарымен «Компания болашағын қалай көремін?» тақырыбында жазылған үздік эссе авторлары, Батыс операторлық қызмет көрсету басқармасының жоспарлық-экономикалық қызмет басшысының орынбасары Олжас Сыптаев, тарифтерді реттеу департаментінің менеджері Дәулен Қабдушев, Құлсары мұнай құбыры басқармасы, «Қосшағыл» өндіріс диспетчерлік станциясының инженер – химигі Гүлшат Мұқанова, Жезқазған мұнай құбыры басармасы, манистарльды құбыры эксплуатациясы, диагностикалық қызмет бойынша инженері – Мейіржан Серіков, Қарағанды мұнай құбыры басқармасының ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету бойынша учаске инженері – программисті Жұлдыз Қуанышбаева, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы, магистарльды құбыры эксплуатациясы, диагностикалық қызмет бойынша инженер Мұхтар Рзиев, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы орталық химиялық лаборатория меңгерушісі Дамиля Садақбаева, «Магистарльды су ағызғысы» ЖШС, «Кигач» апатты қалпына келтіру бекеті, су сорғы станциясының мастері Артур Тілендеев, Жезқазған мұнай құбыры басқармасы, кадр қызметінің басшысы Жанат Қазбеков марапатталды.
«ҚазТрансОйл» АҚ жас мамандар форумы Қазақстанда өтіп жатқан Жастар жылы аясында ұйымдастырылды. Шараға Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Құлсары, Маңғыстау, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры басқармаларынан, Шығыс және Батыс операторық қызметтер көрсету басқармаларынан, «Ғылыми-Техникалық орталық» филиалы, «Магистральды су ағызғысы» ЖШС барлығы 100 ден аса жас маман қатысты.