Президент Бурабайдың жасыл желегін отауды тоқтатты
Президент Бурабайдың жасыл желегін отауды тоқтатты
5,314
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су құбырларын төсеу үшін Щучинск-Бурабай курорттық аймағында ағаштарды жаппай отап жатқанды тоқтатуды бұйырды.

Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Казахстанская правда» газеті Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі жөнінде жазды. Ұлттық байлықты жоюға қатысты өрескел әрекетке су құбыры жолының құрылысы сылтау болып отыр. Үкімет және әкімдік шұғыл шаралар қабылдауы тиіс» – делінген жазбада.