Министр: Электронды оқулықтарды көшіріп алуға болады
Министр: Электронды оқулықтарды көшіріп алуға болады
274
оқылды

Жаңа оқу жылында 1-10 сыныптардың электронды оқулықтарын көшіріп алуға болады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, электронды оқулықтарды көшіріп алу ата-аналар үшін өте ыңғайлы.

«Биылғы жылдың ерекшелігі 1 қыркүйектен бастап оқушылар мен ата-аналар министрлік сайтынан 1-10 сыныптардың электронды оқулықтарын көшіріп алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл ата-аналар үшін жақсы жаңалық деп санаймыз», – деді Асхат Аймағамбетов. 

Ол сондай-ақ Үкімет отырысында Білім министрлігі оқулықтарды баспалардан мектептерге жеткізуді мұқият қадағалап отырғанын айтты. 1 қыркүйекке дейін әр мектепке барлық оқулық 100 пайыз жеткізіледі.