Шорнақ ауылында жағдай тұрақталды
Шорнақ ауылында жағдай тұрақталды
Фото: Интернеттен алынды
556
оқылды
Аймақтағы полиция департаментінің хабарлауынша, ауыл тұрғындары арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Төбелес салдарынан төрт адам жапа шекті. Оның үшеуі ауыл тұрғыны болса, тағы бірі – полицей. Учаскелік инспектор тәртіп бұзғандарды тыныштандырмақ болған кезде бұзақылар оны таспен ұрған. Сонда да ол алған жарақатына қарамастан төбелесті тоқтатты. Ал зардап шеккендердің барлығына  медициналық көмек көрсетілді.
Түркістан облыстық ПД бастығы Қайрат Дәлбеков: «Бұл оқиғаға қатысы бар деген 4 азамат ұсталды. Оның екеуі соттың шешімімен қамауға алынды. Әлеуметтік желілерде осы жағдайға байланысты түрлі ақпарат тарап кеткендігін айтқым келеді. Олар шындыққа жанаспайды», – деді.