Балалар қайда демалды?
Балалар  қайда демалды?
661
оқылды

Соңғы қоңырауды балалар тоқсан күндік демалыс үшін асыға күтеді. Құдды қол-аяғы байлаулы, ауыр жұмыстан шаршап жүрген екен дерсіз. Негізі, балаңызға жазғы демалысты жоспарлаудың маңызы зор. Бүгінде бос уақытты тиімді пайдаланудың түрі де мол. Ата-аналармен тілдесе отырып, балаларының биылғы жазды қалай өткізгенін білдік. Бірі ауылға барса, енді бірі медреседе сауат ашыпты. Америкада тұратын кейіпкеріміз де жергілікті халықтың тәжірибесі туралы әңгімелеп берді.

Әдетте, қаланың баласы – да­лаға, ауылдағысы қалаға қа­ша­д­ы. Ондағысы – мектеп пен үйдің арасында өткен тоғыз ай­дың есебін түгендеу. Нұр-Сұл­тан қаласының тұрғыны Жә­милә Ахметова балаларын ауыл­ға жібереді. Ағайын-туыспен ара­ласып әрі таза ауада, құнарлы та­ғамнан дәм татқаны жөн дей­ді. «Ауылдан көшіп кеткенімізге 10 жылдай болып қалды. Бала­лар үш ай демалысқа шықпай жатып «ауылға мені кім апарады, қашан барамыз, қашан билет ала­сыздар» деген сұрақтармен ма­залай бастайды. Бүгінде Асыл­хан мен Еділ есімді ұл­да­рым ата-әжесіне көмектесіп, на­ғашыларының үйінде жүр. Де­малысты Сарыағаш ауданы Жі­бек жолы ауылында өткізіп жа­тыр. Бұл жолы балаларымды Түркістан облысының біршама ауылдарына апарып қайттым. Қойды өріске айдап, кешкісін ауыл қойларынан бөліп алып ке­леді. Күндіз арыққа шо­мы­ла­ды. Шөп жинайды, ауыл ба­ла­ларымен ойнайды. Күнде кеш­кісін қойды айдап келемін деген же­леумен ауылдың сыртына шы­ғып, ойынға алданып, қой­лар­дың үйге өздері кетіп қалға­нын білмей қалады. Бауда бәрі пісіп, төгіліп жатады. Қала бала­сы­на жерден түскен жемісті ал­ғаннан гөрі бұтақтан жұлып же­ген қызық. Түстен кейін қар­быз, қауын, қабығымен жерге түс­кен алманы турап, кешке малға салуға дайындап отырады. Қарбыздың көптігі сонша, дәмді шықпаса, «мынаны қойға не­месе сиырға бере саламыз» деп басқасын әкеліп тіліп жатады. Түркістан облысында күн ерек­ше ыстық болады. Сонда да ба­ла­лардың далада ойнап жүргенін көресің. Таңертеңнен бар бөл­мені қараңғылап, шыбынды қуып, сағат 11 шамасында кө­ше­де жүрген жан адам көр­мей­сің. Бәрі үйлеріне кіріп, кешке бес­тен аса бір-ақ шығады. Есік­тің алдына, аулаға арықтан су сеуіп, есік алдын сыпырады. Кей­­бірі мұны бала еңбегін пай­да­лану деп жатады. Әйтсе де, та­залыққа үйретіп тәрбиелеудің ама­лы дер едім. Ұлдарым «ауыл­да телефонның керегі жоқ екен» деп қояды. Жай күні қолынан түс­пейтін смартфондарын ұмы­тыпты. Демалыс қатты ұнап жат­са керек» деп ойымен бөлісті Жәмилә Ахметова.

Назым Қанқожа бүгінде от­басымен Нью-Йорк қаласында тұрады. Білім алу, тіл үйрену мақ­сатында уақытша қоныс ау­дар­ған. Оның айтуынша, Аме­рика­да балаларға арналған түрлі жазғы курстар ұйымдасты­ры­лады. «2016 жылы отбасымызбен Калифорния штатындағы Дэвис қаласында тұрдық. 60 мың ғана тұр­ғыны бар шағын ауылда адам­дар үшін қаншалықты жағ­дай жасалғанын көріп, таңғалған едім. Әсіресе, ба­лаларға ар­нал­ған бағ­дарламалар ұйым­­дас­тырылып, ерек­ше көңіл бө­летіні ұна­ды. Жұ­мыс істейтін ата-ана­лар үшін кі­тап­ханаларда түр­лі тегін қыз­мет­тер барын сол Дэвис қала­сына барғанда білдім. Со­ның ішінде жаз айларында ба­лаларға кітап оқу, ағылшын курс­тары, лего ойнау, сурет салу, ки­но уақыты, компьютер курс­тары, онымен қоса ағылшын тілін білмей келгендер үшін мек­тепке дайындық курстары да болды. Онымен қоса мектеп­тер­дің ішінен жазғы лагерлер ұйым­­дастырылып, балаларға жаз уақытын тиімді өткізуге кө­мектеседі. Бағасы да қымбат бол­­­­майды. Қазір 8 жасар ұлым Нью-Йорк қаласы Білім депар­та­ментінің ұйымдастырған STEM ғылым, технология, ин­женерлік және математика ба­ғы­тындағы жазғы лагеріне ба­рып жүр. Ол үшін көктемде 2-3 бағ­дарламаға өтініш толтырып, нә­­тижесін күттік. Білім депар­та­менті балаларды лотореямен таң­дап алып, лагердің бүкіл шы­ғынын өтеп береді. Яғни, кө­лікпен таңертең апарып алып келу, таңғы және түскі ас, со­нымен қоса бағдарламалар шы­ғыны, саябақтар мен зообақ­тарға, балаларға арналған ғы­лыми музейлерге апарады. Бағ­дарламалаудан бастап, ин­же­нерліктің базалық білімін алып, онымен қоса түрлі ойындарға қатысып, уақыты көңілді өтіп жа­тыр. Жоғарыда айтқан кітап­ханалар жаз уақытында балалар үшін қызу жұмыс істейді. Өйт­кені балалардың бос уақыты көп. Соны тиімді пайдалану үшін түрлі курстар ұйым­дас­ты­рып, байқаулар жасап жатады. «Ең үздік оқырман», «Ең көп кі­тап оқыған бала» сияқты но­ми­нациялар бойынша мара­пат­тайды. Кітапхана мектепке ал­ғысхат жолдап, директорлары ар­­найы құттықтап жатады. Ба­ланың жаз уақытында көп кітап оқуына қоғам болып атса­лыса­ды. Балалардың жасына қарай ақылы және тегін курстар көп. Жо­ғары сынып­тар­да әртүрлі қы­­зық­ты курстар, маман­дық­қа бау­лу, ерікті боп жұмыс істеу сияқ­­­ты мүмкіндіктер бе­ріледі», – дей­ді ол.

Гүлмира Айма­ған­бет бала­ларын мед­ре­сеге жі­беріп­ті. Бір айлық курс­­тан кейін­гі нәтиже қуан­тып отыр­­ғанын айтты. «Ұл­дары­мыз­ды елордадан 80 ша­­қырым жер­дегі Сабынды ауы­лын­дағы мед­ресеге бір айға жі­бердік. ҚМДБ-ға қарасты меке­ме­ден діни сауат ашып, негізін қа­ласын деген ниетіміз болған. Биыл алғаш рет бардық. Қа­зақ­станның түкпір-түкпірінен 50-ге тарта бала кел­ген екен. Ма­мыр айында өтінім беріп қой­дық. Жасы сәйкес келген соң қа­былдады. Мед­реседе оқу те­гін. Тек тамағына төлеуіңіз ке­рек. Ақ пен қараны кішкен­тайы­­нан ажырата білсін деген ой­мен жіберген едік. Бір ай бойы телефонсыз уақыт өткізді. Оның орнына уақытты сауапты әрі денсаулыққа пай­далы етіп ұйым­дастырады. Мы­салы, таза ауа­да жүгіру, футбол сияқты ойын­дар ойнатады. Миы тыны­ғады екен. Оны өз­дері де айтып келді. Нәтижесі де көңіл қуан­тып отыр. 15-ке жуық сүре жат­тап алыпты. Әрі ата-ананы құр­­­меттеу, адамгершілік, Пай­ғам­барымыздың (Оған Алланың игілі мен сәлемі бол­сын) өмірі туралы ғибратты әң­­гімелер ес­тіген екен. Соны үй­ге келген соң айтып бергенін көр­­генде қуан­дық. Бір айдың өзін­­де осындай жағымды өзге­рісті байқадық», – дейді Гүлм­ира.

Бұдан бөлек, ата-аналары­ның жұмыс орындары тара­пы­нан төленетін лагерлер де бо­ла­ды. Бір апта не жарты айлық де­малысқа балаларын жібере­тін­дер көп. Бұрын-соңды бол­ма­ған жерлерін көріп, жаңа дос­тар табады. Түрлі дамытатын ойындар мен байқаулардың да пай­дасы зор. Енді бірі шетелге тіл үйренуге арналған курстарға жібереді. Демалыстың мұндай ерек­ше түріне баласын жалғыз жіберуге көбі бата бермейтіні бар. Әйтсе де, тіл үйреніп, өзге мем­лекетпен танысқан ғажап се­зім сыйлайтыны анық. Бала­лар демалысын тіл мектептері ұйым­дастырады. Саяхаттың бағ­дарламасы жасақталған соң, құжаттар жиналады. Жолда­ма­ның ішіне қосымша тереңде­тіл­ген курстарды да қалауыңызға қа­рай қоса аласыз. Соның ішін­де, IELTS/TOEFL сындарына дайын­дықты пысықтауға тап­тыр­мас мүмкіндік. Баланың уа­қыты әрі қызық, әрі пайдалы өт­кені құба-құп. Таң атқаннан кеш батқанша бос өткізгеннен гөрі, ойын дамыта отырып шар­шатпайтын тәсіл тапқан жөн. Ал сіздің балаңыздың жазғы уа­қыты қалай өтті?