Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес бюросының отырысында Мәжіліс депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды.
«Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес бюросының отырысында Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Г.Н.Әбдіқалықоваға, Н.Б.Әлімжановқа, Н.К.Әшімбетовке және Ж.Қ.Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды» делінген хабарламада.