Көптеген адамдар күнделікті сатып алу не түрлі қызметтерді тұтыну барысында сол тауарлар мен қызметтерді пайдалана отырып, жекелеген алып-сату ісінің бір жағына айналғанын ойланбайды да. Сондай-ақ олар көбіне сапасыз тауар не қызмет түрінің құрбанына айналғанда өз құқықтарын қорғауға болатынын білмейді.
Олар тіпті өздерінің тұтынушылық құқықтарын бұзып қана қоймай, қорғануға да тырыспайды. Себебі ҚР Тұтынушылар құқығы туралы заңынан мүлдем бейхабар.
Солтүстік Қазақстан облысының статистикасына сенсек, аталған облыс Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда сапасыз тауарды 74 пайыз көп тұтынатыны белгілі болған. Сондай-ақ бұл өңірде жиі кездесетін заң бұзушылықтардың бірі – чек пен бағаның сәйкессіздігі.
Солтүстік Қазақстан облысында тұтынушылар құқығын қорғау саласында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған іс-шара өткізіледі. СҚО-да облыстағы тұтынушылар құқығын қорғайтын бірнеше ұйым бар, олардың қызметкерлері күн сайын қаншама тұтынушыға қызмет етеді: шағымдар, сын-ескертпелер дайындайды. Алайда ол қызметкерлердің барлық шағымды қамтып, ақпараттық жұмыстар жүргізуге шамасы келмейді. Сондай-ақ қызметкерлердің бұл әрекеті ақылы түрде жүзеге асады, сол себепті халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобының оған жағдайы келе бермейді.
Осы себепке байланысты тұтынушылар құқығын қорғау саласында халыққа құқықтық қызмет көрсету Кабинетін ашу мәселесі бүгінде өте өзекті мәнге ие.