Қар күреуден челлендж басталды
Қар күреуден челлендж басталды
367
оқылды
Елорда жастары қар күреуден челлендж бастады. Өйт­песке амал бар ма? Бірнеше күн бойы төпеп жауған қар­дан коммуналдық қызметтің жұмысы өнімді болмай тұр. Осы сәтте астаналық жастар #БізБіргеміз хештегімен елор­да көшелерін қардан тазартуға шақырған шара бас­та­ды. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі па­рақшасында бұл бастаманы қолдайтынын білдірді. Бастаманы іліп әкеткен­дер­дің бірі – «Алматы» ауданы әкім­дігінің қызметкерлері қала тұрғындары және қызмет көр­сетуші ұйымдармен бірге Мұстафин көшесіндегі аулалық аумақтың қарын күреді. Қ.Қуа­нышбаев атындағы театр ұжымы да қар күреуге қосылып, әженің ауласын тазалап берген. «Ел Президенті Қасым-Жо­март Тоқаевтың биылғы Волон­тер жылы шеңберінде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бас­таған елордалық өнер ұжым­да­рының «Біз Біргеміз» чел­лендж-бастамасына қолдау біл­діруі біз­дің театрға да сілкініс берді», – деген театр ұжымы бұл эста­фе­таны Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің қызмет­кер­лері мен «Қазақконцерт», «Ас­та­на Опера» театры ұжымына жолдады.   Айдын ЖАНДОС