Ресей телеарналарының тынысы тарылды, бірақ бізде емес
Ресей телеарналарының тынысы тарылды, бірақ бізде емес
412
оқылды
Тәуелсіздік алған жылдардан бері посткеңестік мемлекеттер Ресейдің ақпараттық кеңістігінен бірінен соң бірі шыға бастады. Территориялық біртұтастық пен ақпараттық қауіпсіздікті сақ­тай­мыз деген желеумен Латвия ре­сейлік телеарналардың ретран­сляциялануына тыйым салған еді. Балтық жағалауы елдерінің сая­саткерлері, тіптен ресейлік ар­налар «тілдік нормаларды орын­дамайды» деп айып тақты. 2014 жылы Украинаның Теле­визия мен радиотарату жөніндегі ұлттық кеңесі бірқатар ресейлік арналар­дың ретрансляцияла­нуын тоқта­тып, бағдарламалық қызмет көр­сететін провай­дер­лерден тиісті шешімнің жылдам орындалуын талап етті. Вести, Россия 24, ОРТ (Первый канал всемирная сеть), РТР Планета, НТВ арналары Ук­раи­наның ақпараттық кеңістігінен кетуге мәжбүр болды. Бұл ұлттық ке­ңестің «Украинаның егемендігі мен территориялық біртұтас­тығын, ұлттық қауіпсіздігін, ақпа­раттық қауіпсіздігін сақтау ше­шімімен тікелей байланысты. Ал биыл украин елінде тағы үш ре­сей­лік арна, Еурокино, Топ­шоп, Зоопарк арналарына шек­теу қойылды. Байқағанымыз­дай, егер Балтық жағалауы елдері мүлдем ресейлік арналардан бас тартса, Украина алдымен – Ре­сейдің Кремльмен тығыз байла­нысты саяси арналарына тыйым салып, бертін келе салалық, отбасылық арналарға шектеу қойып жатыр. 2008 жылы Михаил Саакаш­вили басқарған үкімет ресейлік арналардың ел аумағында тара­ты­луын шектеген еді. Жаңа бас­шы­лық келгеннен кейін бұл та­лаптар босаңсыды. Десе де, 2016 жылы Грузияға қарсы саяси-ақпараттық соғыс ашып отыр деген айыппен бірқатар қоғам­дық ұйымдар ресейлік арналар­дың таратылуын мүлдем тоқта­туды ұсынды. 2014 жылы Мол­до­ва Россия 24 арна­сының ел ау­мағында таралуына тыйым салды. 2011 жылы Өзбекстан Ресей­дің ДТВ мен ТНТ арналарының жұ­мысын тоқтатқан еді. Бұған се­беп – «Дом 2» сияқты жобалар­дың ар-ұят шеңберінен шығып, жас­тарға теріс тәрбие беріп отыр де­ген уәжі. Жалпы, Өзбекстан аума­ғында ресейлік арналардың ор­талықтандырылған ретранс­ля­циясы сонау 1990 жылдардың орта шенінде шектелген еді. Өзбекстан қандай да бір ресейлік арнаның шектелуін «спутниктің ыңғайсыз орналасқанымен» байланыс­тырып, оңай құтылып отырады. Түркітілдес журналистер қо­рының президенті Нәзия Жоя­мер­генқызы:
– Ақпараттық қауіпсіздік де­геніміз – территориялық тұтас­тық, ұлттық қауіпсіздік пен кез келген мемлекеттің халықаралық абырой-беделі. Ақпараттық қа­уіпсіздік тек шетелдік БАҚ-тарға тыйым салумен шектелмейді, сонымен қатар ел азаматтарына шынайы ақпараттың жедел жет­кізілуі маңызды. Мәселен, өт­кенде Қытай елшісі «Қазақстанда пневмониядан да қауіпті ауру шығып жатыр» деп әлемге жар салды. Мұның не мақсатпен ай­тылғанын білмейміз. Ақпа­раттың бұрмалануының кесі­рінен ха­лықаралық БАҚ-та Қа­зақстанның халықаралық абы­рой-беделіне, ақпараттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін деректер тарады. Бірақ Қазақстан Сыртқы істер ми­нистр­лігі жедел мәлімдеме жасап, елі­міздегі бел­гісіз аурудың КВИ-дің асқынған түрі екенін жеткізгенде бізге ті­леулес Түркия, Америка, Жа­по­ния сияқты елдердің БАҚ-тары СІМ-нің мәлімдемесін қол­­дап, іліп әкетті, – дейді.
Мамандардың пікірінше, ре­сейлік арналардан арылу үшін отандық БАҚ-тың сапа­сын арт­тыру қажет. Шыны ке­рек, соңғы жылдары Қазақ­стан­да ресейлік саяси-ақпа­рат­тық арналардан көрі отан­дық арналарға деген оң бет­бұ­рыс байқалады. Тіпті, MediaHills компаниясының мәлі­метінше, пандемия салдары­нан енгі­зіл­ген карантин кезінде Хабар 24, Balapan мен Жетінші арнаның рейтингі артып, көрер­мендер та­рапынан сұраныс жо­ғары болған. Ресейлік арна­лар­дан Мужское кино, Кино­пре­мьера, Киносви­дание және Ки­нохит, балаларға арнал­ған Nick jr мен Tiji арналарының көр­сеткіші  жоғары болған. Қазақстанда Ресейдің Пер­вый канал арнасы кабельдік, спут­никтік желілер арқылы та­раумен қатар, «Еуразия» Бірінші арнасы арқылы да өз бағдар­ламаларын таратып келеді. ­Ақ­ы­лы телеви­зияның ірі опера­торы «Алмател Қазақстан» ком­па­ниясы Alma TV бренді арқылы танымал. Наурыз айында бұл ком­пания Первый каналдың сандық тележүйесінен оны алып тастауға тура келетінін мәлім­деген еді. Ресей террито­рия­сында тегін таратылатын ар­на­ны Қазақстан аумағына қымбат бағаға ретрансля­циялайтын кө­­­рінеді. Соңғы жылдары Пер­вый каналдың аудиториясы да аза­йып барады. Егер қажет бол­са, интер­нет, ноутбук, смартфон арқылы тегін көрсетілетін ар­наны неге отандық ірі опера­тор­дың қыруар қаржыға рет­ран­сляциялап келгені белгісіз. Пост­­кеңестік елдердің басым бөлігінде көр­сетілмейтін мұндай ресейлік арналар өз аудито­рия­сын, «тым ресейшіл, асыра ұлт­шыл» үгіт-насихаттың кесі­рі­нен  жоғалтты.  

KamshatКәмшат ТАСБОЛАТ