Көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті

Көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті

Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының бастамасымен Жетісу ауданында ашылған «Бақытты отбасы» орталығында көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында «Мектепке жол» акциясы өтті.

Қайырымдылық шарасына Же­тісу ау­данының әкімі Мақсат Қи­қы­мов, Nur Otan партиясы Жетісу ау­дан­­дық фи­лиалы төрағасының бі­рін­ші орын­ба­сары Мұрат Омаров, Ал­маты қа­ла­лық мәслихатының де­путат­тары Асхат Чи­ликбаев, Қайрат Құ­дайберген қа­тыс­ты.

Акцияны ұйымдастырушылар көп­балалы аналарға дастарқан жайып, ба­ла­ларға мектепке қажетті құрал-жаб­дық­­тар мен сөмке тарту етті. Ба­лаларға бе­­ріл­ген сөмкелер әрбір мек­теп оқу­­­­шы­сына арналған қажетті кең­се тауар­ла­ры­мен – қаламсауыт, қа­лам­сап­, қа­рын­даш, аль­бом, күн­­­­­деліктер, дәптерлер жә­не бас­қа да зат­тармен толтырылған.

Іс-шарада Жетісу ауданының әкі­мі Мақсат Қи­қы­мов қайы­­рым­дылық ак­ция­сын ұйымдас­тыр­ған жа­на­шыр жан­дарға алғысын біл­дірді.

– «Мектепке жол» республикалық қайы­­рымдылық акциясы қыркүйек айы­­ның аяғына дейін жалғасады. Іс-ша­­раның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім ба­лалар мен ата-анасының қам­қор­лы­­ғынсыз қал­ған балаларға жаңа оқу жылына дайын­­­дық кезеңінде көмек көрсету, әлеу­­­меттік себептер бойынша ба­ла­ларға бар­­мауының алдын алу. Акция кезінде әлеуметтік қол­дауды қажет ететін бар­лық оқушы­лар­ға көмек көрсетіледі. Жыл сайын өт­кізіліп жат­қан қайырым­дылық ша­расына де­меу­шілер мен меце­нат­тар тарапынан көр­сетілген көмек пен қол­даудың үлесі зор. Қазіргі уақытта ак­цияны жоғары дең­гей­де өткізу үшін жүйелі жұмыстар ат­қа­рылып жа­тыр, – дейді Мақсат Қиқымов.

Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған Ал­маты қалалық мәслихат депу­тат­тары мектепке дайындалып жүрген оқу­­шы­ларға сәттілік тілеп, жыл сайын мейірім мен шуағын төгетін ак­­ция оқу жылы бас­талғанша көпші­лік көмегімен жо­ғары дәрежеде өте­ті­ніне сенім біл­дірді.

 

Жазира ДАРХАНҚЫЗЫ