Қазақстандағы барлық педофилдердің суреттері көпшілікке ашық жарияланады
Қазақстандағы барлық педофилдердің суреттері көпшілікке ашық жарияланады
фото: ашық дереккөз
278
оқылды
2019 жылдың аяғында Қазақстандағы құқық қорғау органдарында 1500-ге жуық педофил және 2800-ден астам зорлықшы тіркелді. Мұндай статистиканы «Хабар 24» телеарнасы ұсынды. Қазіргі уақытта республиканың түзеу мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстары үшін 1600-ге адам жазасын өтеуде.    width= Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бірнеше жыл бұрын педофилдер туралы электрондық деректер картасын ұсынған болатын. Олар жөнінде толық ақпаратты infopublic.pravstat.kz арнайы сайтында табуға болады.