Құрылыс аяқталуға жақын

Құрылыс аяқталуға жақын

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының барысы туралы жауапты азаматтармен басқосу өтті. Оған Арыс қалалық мәс­лихатының хатшысы, мәслихат депутаттары, құрылысқа жауапты мекеме басшылары, партия белсенділері қатысты.

Жиынды ашқан Nur Otan партиясы Түр­кістан облыстық филиалы төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Арыс қаласын қалпына кел­тіру жұмыс­тарының барысы облыс әкімі мен Nur Otan партиясының басты назарында еке­нін атап өтті.

– Nur Otan партиясы Түркістан об­лы­сы филиалы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты тұрғын­дардан түскен арыз-шағым­дар­дың оң шешілуіне ықпал ететін болады. Бүгінде облыстық филиалға қала тұр­ғын­дарынан 175 шағым түсіп, оның 126-ы оң шешімін тап­ты. Қазіргі таңда 49 мәселе қаралуда. Арыс қаласында құры­лысы толық біткен бас­паналар 90,7 пайызға жетті. Жары­лыстан зардап шеккен шаһарды қалпына келтіру кесте бойын­ша жүр­гізілуде. Бірақ бүгінгі таң­да үй иелерінің келісім бер­меуіне бай­ланысты 53 баспанада құрылыс бас­тал­маған. Ендігі кезекте біз тұрғын­дардың талап-тілегін тыңдап, өтініштеріне құлақ асатын боламыз, – деді Nur Otan партиясы Түр­кі­стан облыстық филиалы тө­рағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев.


Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орын­басары Бауыржан Байбек Арыс қа­ласына арнайы келіп, қаладағы қалпына келтіру жұмыстарымен та­ныс­ты. Іс-шара кезінде тұрғындармен кез­де­сіп, арыстық­тарға мемлекет тара­пынан жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өткен болатын. Осы орайда, Nur Otan партиясының Түр­кістан облыстық филиалы төраға­сы­ның бірінші орын­басары Б.Тәжібаев мә­жіліс­тен соң бір­ден қаладағы 9, 12 сектор жұ­мы­сын ба­қылап, тұрғын үйлерді аралады.

Статистикалық мәліметтерге сүйен­сек, Арыс қаласында 8634 тұрғын үй бар екен. Төтенше жағдайдан кейін 7 197 үйге жөн­деу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әр­бір сектордағы жұмыстарды жүргізу үшін облыс, қалалардан 7 579, аудандардан 315 жұмысшы тартылған.

Т.ӘБДІБЕКҰЛЫ
Түркістан облысы