Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасына 6 оттегі концентраторы тапсырылды  
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасына 6 оттегі концентраторы тапсырылды   
фото: ашық дереккөз
404
оқылды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасына аудандық «Jas Otan» ЖҚ және еріктілердің демеушілігімен «OZ-5 Рестор» атты 6 оттегі аппараты берілді. Медициналық аппаратты аудандық жастар ресурстық орталық директоры, аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Айбек Ілебаев тапсырды.  Партия мүшелері Сұлтанғазиевтер әулеті Шелек ауылында орналасқан ауруханаға 1,1 млн теңгеге 2 дана оттегі концентраторын жеткізіп берді. Жалпы Алматы облысында медицина саласына үлкен қолдау көрсетуде. Осы уақытқа дейін жасотандықтар дәрігерлерге қымыз шұбат беру шарасын өткізді, қазірдің өзінде облыстық ұйым 200 литрден астам қымыз бен шұбат тапсырды. Сонымен қатар, басқа аудандарда да оттегі концентраторларын жеткізу жалғасуда.