Түн жарымына дейін жұмыс істеген: Алматыда екі дәмхананың қызметі әшкере болды
Түн жарымына дейін жұмыс істеген: Алматыда екі дәмхананың қызметі әшкере болды
фото: ашық дереккөз
5,224
оқылды
Алматыда жапсарлас орналасқан екі дәмхана түнгі бірге дейін қонақтарға қызмет көрсеткен, деп хабарлайды sputniknews.kz. Қоғамдық тамақтану орындары Алмалы ауданында Шевченко көшесінің бойында қатар орналасқан. Түнгі рейд кезінде "Веселидзе" кафесінде 30 қонақ, оның іргесіндегі "Баку бульвары" дәмханасында 60 адам көңіл көтеріп жатқаны анықталды. Осы оқиғаға байланысты дәмхана иелеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы заңнама талаптары мен гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша хаттама толтырылды. Әкімшілік материалдар шешім қабылдау үшін Алмалы ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.