Темекі мәселесі талқыланды
Темекі мәселесі талқыланды
5,380
оқылды

Афина - Еуропадағы ең көп темекі тартатын қала

Еуропа темекі шегумен күресудің тиімді тәсілдерін белсенді іздестіруде, бұл, әрине,
толығымен түсінікті, өйткені Ескі Дүние тұрғындары үшін темекі шегу инфекциялық емес
аурулардың туындауымен байланыстырылатын денсаулық үшін тәуекелдің негізгі
факторларының бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ)
деректері бойынша, Еуропалық өңірдегі барлық кісі өлімінің 20%-дан астамы дәстүрлі
түрде темекі шегумен байланысты аурулардың үлесіне тиесілі болып отыр. Бұдан бөлек,
ДДСҰ болжамы бойынша, 2030 жылға қарай бүкіл әлемде темекі шегуге байланысты жыл
сайынғы өлім саны 6-дан 8 млн-ға адамға дейін өседі.

Жуырда, Еуропаның ең көп «темекі шегуші» елі болып табылатын Греция астанасында
темекіні тұтынудан келетін зиянды төмендету бойынша Екінші ғылыми саммит болып
өтті, мұнда әлемнің 20 елінен келген 650 ғалым дәстүрлі сигареттермен салыстырғанда
никотинді жеткізудің баламалы электрондық жүйелерін пайдаланудың артықшыларын
талқылады. Болгариялық ғалымдар мен медицина мамандары саммиттің белсенді
қатысушыларының бірі болды, өйткені Болгария темекі шегушілердің саны бойынша
Еуропада екінші орынды иеленіп отыр. Бұрыннан бері және көп жағдайда темекі шегу
проблемасымен сәтсіз күресіп келе жатқан бұл елде, Ұлттық қоғамдық денсаулық және
талдау орталығының (ҰҚДТО) деректері бойынша 2017 жылы темекі шегушілер
халықтың 36% құраған. Бұл, аталмыш елде қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым
салу мен басқа да шектеу шаралары қабылданған 2012 жылдың көрсеткішімен
салыстырғанда, тек 1%-ға ғана аз.

Жыл өткен сайын елдегі темекі шегушілердің саны төмендемей, керісінше өсіп келеді.
Егер 1952 жылы болгариялық темекі шегушілер саны халықтың 13,7%-ын құраған болса,
1996 жылы - 35,6%, ал 2007 жылы - 45,2%. Бұдан бөлек, болгариялық темекі
шегушілердің шамамен үштен бір бөлігі ешқашан тіпті темекіні тастауға әрекеттенбеген.
Осы елде қабылданатын барлық темекіге қарсы шаралар күтілетін тиімділікті көрсеткен
жоқ. Тек қана инновациялық баламалы өнімдердің пайда болуымен қатқан мұз
сипатындағы мәселе орнынан қозғалды.

Болгариялық темекі шегушілерге ұсынылған баламалы өнімдер оларды темекіден бас
тартуға ынталандырудың және төмендетілген тәуекел әлеуеті бар өнімдерді пайдалануға
көшудің алғашқы сәтті әрекеті болды. Яғни, шамамен 150 000 болгариялық темекі
шегушілер сигареттерден бас тартты және темекіні қыздырудың электрондық жүйесі –
IQOS және электрондық сигареттерге көшті. Зияны азырақ өнімдерге ауысуды қолдайтын
денсаулық сақтау секторының болгариялық өкілдері темекі шегушілердің саны
тұтынушыларға баламалы өнімдер мен никотинді жеткізудің инновациялық жүйелері
(электрондық сигареттер мен темекіні қыздыру жүйелері) туралы ғылыми зерттеулердің
нәтижелері негізіндегі шынайы ақпараттардың келіп түсу шамасы бойынша азая түседі
деп үміттенеді.

«Темекі шегушілерде сигареттерден бас тартуы үшін уәждемесі болуы керек және ол
көп жағдайда олардың темекі шегетін себептеріне тәуелді. Афинадағы форумда біз
әртүрді баяндамашыларды тыңдадық, олардың айтуы бойынша темекіні қыздыру
жүйелерінің зияны төменірек, өйткені оларды пайдалану кезінде дәстүрлі сигареттерді
шегуге қарағанда зиянды заттар 90-95%-ға азырақ бөлінеді. Бұл, олардың толық қауіпсіз
екендігін білдірмейді, бірақ зияндылығы аз екенін көрсетеді. Никотин – адамдардың
темекі шегуінің басты себебі, бірақ ол жану өнімдерінен өзгеше негізгі қауіпті
төндірмейді (дәстүрлі сигареттерді шегу кезінде қалыптасады – ред.). Темекі
шегушілердің темекіні қыздыру жүйесіне толық көшуі темекіні тұтынуға ұқсас

сезімдерді тудыруы мүмкін, өйткені олар күйзеліс кезінде көмектесетін никотинді
алады, бірақ бұл жағдайда жану өнімдерінің зиянды әсерін болдырмау мүмкіндігі пайда
болады, осы туралы деректер саммитте келтірілді,», - деп атап өтті Афинадағы ғылыми
конверенцияның қатысушысы доктор Франческо Серджио.
Жалпы алғанда, бірқатар даулар мен пікірталастардан кейін саммитке қатысқан
сарапшылардың көпшілігі никотинді жеткізудің электрондық жүйелерін пайдаланудың
дәстүрлі темекі шегуге қарағанда зияны азырақ баламасы болып есептелетіні туралы
тезисті қолдады.