Айдындарды аудан тазалайды
Айдындарды аудан тазалайды
336
оқылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің атсалысуымен еліміздің 72 су айдынында «Аулардан таза су айдындары» экологиялық акциясы өтті.

Еліміздің теңіз, өзен-көлдері­нің жағдайы халық жұмылып назар аударғанда ғана тазалығы мен тұнықтығын, қауіпсіздігін сақтай алатын жағдайға жетіп отыр. Бүгінде синтетикалық аулар арзан және қолжетімді болған­дық­тан, оларды пайда­ланып заңсыз түрде балық аулайтын адамдар инспектор­лардың тексеруі кезінде мұндай ауларды суға лақтырып, оңай құтылады. Осының салдары­нан суасты мен жағалау аймағын синтетикалық материалдардан жа­салған аулар қоқысқа айнал­дыр­ған. Ұзақ уақыт шірімейтін бұл ауларға балық шырмалып жанта­ласып өліп жатқаны жасы­рын емес.

Экология министрлігі тарапы­нан қолға алынған акция Жайық, Қиғаш атты қос өзені бар Атырауда да өтті. Су айдындарын тазалауға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инс­­пекциясы қызметкерлері, әкім­­дік өкілдері, орман шаруашы­лық­тары, экологиялық ұйымдар, белсенділер мен волонтерлер атсалысты.

– Бұл – біздің күнделікті жұ­мы­­сы­мыз, міндетіміз. Десек те, Эко­логия министрлігінің осындай ауқымды акциясы қажет-ақ. Біздің об­лыста аталған акция өңір­дегі барлық су айдынында – Атырауда, Махамбет, Индер, Құрманғазы аудандарында өтіп жатыр, – деді Орман шаруашылы­ғы және жануарлар әлемі Дамба инс­пекциясының басшысы Ела­ман Хабибуллин.

Облыстық орман шаруашы­лы­ғы және жануарлар әлемі инс­пек­­циясы мамандарының ай­туын­ша, қытайлық «тажал» ау­лар­ға суда жүзетін құстар да тап болып, өлуі мүмкін. Бұл қоршаған табиғи ортаға және су био­ресурс­тарына орасан зор нұқсан келтіреді.

Атырау облыстық орман шаруа­шы­лығы және жануарлар әлемі аумақ­тық инспекциясының мәлі­ме­ті бойынша соңғы 3 жылда бра­ко­нь­ер­лер Солтүстік Каспийдің балық қорларына 254 млн теңге көлемінде шығын кел­тірген.

Акция барысында өзендерден жарты мың шақырымнан астам аумақ көлеміндей қытайлық аулар шығарылды. Жыл басынан бері Атырау облыстық орман шаруашы­лы­ғы және жануарлар әлемі аумақ­тық инспекциясының қызмет­кер­ле­рі өңірдегі су айдындарынан, әрқай­сысы 50 метрден кем емес, 1200-ден астам заңсыз ауды шыға­рып алды.

Қазіргі кезде балық уылдырық шашу үшін Жайықтың жоғары учас­келеріне бет алды. Индер, Махам­бет, Атырау және Дамба инспек­ция­лары бөлімдерінің инспекторлары өзенді түрлі аулау құралдарынан тазартып, балықтың өтуін қамтама­сыз ету үшін күн сайын Жайықтың өздеріне қарасты учаскелерін сүзіп, тексеруде. Осындай жұмыстарды салалық инспекция Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде де жүргізіп жатыр.

Атырау облыстық орман шаруа­шы­лығы және жануарлар әлемі аумақ­тық инспекциясының басшы­сы Данияр Баймағамбетовтің ай­туын­ша, өңірде заңсыз түрде ба­лық аулау­мен күресу жұмыстары жалға­са­ды. Бұл жұмыстар балық қорын сақтау мен өзен-көлдердің игілігі үшін жасалады.

 

Атырау облысы