Nur Otan: Тұрғындардың шағымын ескеріп, талабын орындады
Nur Otan: Тұрғындардың шағымын ескеріп, талабын орындады
196
оқылды
2020 жылы аталған аула абаттандыру бағдарламасына енгізілген. Бұл ауланы абаттандыру үшін 400 миллионға жуық қаражат бөлініп, мердігер ретінде Kazakhstan GIGA Тrade ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Тұрғындардың бірі Мария Федеровнаның айтуы бойынша, асфальт төсеу жұмыстары тым ұзаққа созылып, соның әсерінен қиыршық тас жүруге қолайсыздық тудырған.
– Осы көшеде тұрғаныма 45 жыл болды. Биыл ауламыз абаттанып, асфальт төселеді дегенде қатты қуандық. Дегенмен жұмыс баяу жүріп жатыр. Екінші топ мүгедегімін, қиыршық тастың  үстімен жүру қолайсыз, тезірек асфальт төселіп, жұмыстың бітуін қалаймыз, – деді ол.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарымен бірлесіп, мән-жайды анықтады. Мамандардың айтуынша, жұмыс жоспарға сәйкес уақытылы жүріп жатыр. 2020 жылдың қыркүйек айында барлық құрылыс толық аяқталуы тиіс. Тұрғындардың уәжін тыңдаған комиссия мүшелері жұмыс қарқынын бақылауға алып, жүйелі түрде қадағалатынын баяндалады.

                                                    Мадияр ТӨЛЕУ