Өксікбаев пен Казанцев төрағалық қызметке тағайындалды
Өксікбаев пен Казанцев төрағалық қызметке тағайындалды
5,336
оқылды

Елбасының қаулысымен Өксікбаев пен Казанцев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Твиттердегі парақшасында жазды.

«Nur Otan партиясының Лидері Н.Ә. Назарбаевтың Қаулысымен Омархан Өксікбаев – партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Павел Казанцев Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

«Nur Otan» партиясы фракциясы депутаттарының кәсіби біліктіліктері, табандылықтары, мемлекеттік және партия жұмысындағы мол тәжірибелері аталған партиялық органдарды күшейтуге ықпал ететініне сенімдімін» – делінген жазбада.