Өскеменнің іргесіндегі ауылда аяқастынан жер ойылды

Өскеменнің іргесіндегі ауылда аяқастынан жер ойылды

Облыс орталығына қарасты Менавное ауылында жақында ғана төселген асфальт жолдың қақ ортасында кенеттен үлкен жарық пайда болды. Бұл жөнінде ойықты дер кезінде байқаған ауыл тұрғындарының бірі Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің біріне фотолар жариялап, хабарлаған. Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мамандары аталған фактіні растады. Бөлім қызметкерлері оқиға орнына жедел барып, тасжолдың бұлайша тез бүліну себебін анықтауда. Сонымен бірге алдағы уақытта ойылған жолдың қанша уақытта жөнделіп бітетінін  хабарлауға уәде етті.

Дәурен Аллабергенұлы,

Шығыс Қазақстан облысы