Жеті адам партиядан шығарылды
Жеті адам партиядан шығарылды
348
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 20 мамырда мемлекеттік органдардың басшыларымен болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын белгілеп, қоғам дертінің тамырына балта шабудағы іс-қимыл мәселелерінде өңірлердің рөлін күшейту қажет екенін айрықша атап өтті.

Мемлекет басшысының осы тап­сыр­масын негізге алған Жетісу жерін­дегі нұротандықтардың мұрындық болуымен «Сыбайлас жемқорлық – қо­ғам дерті» тақырыбында семинар ұйым­дастырылды. Іс-шараға Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филар­мо­ниясы, І.Жансүгіров атындағы мә­де­ниет сарайы және Алматы облысы ма­­­мандандырылған күзет қызметі бас­қармасы ұжымдары қатысты.

Жиынды Алматы облысының Мә­де­ниет, архивтер және құжаттама бас­қармасының басшысы Мәрлен Көл­баев жүргізді. Отырыс барысында Nur Otan партиясы Алматы облыстық фи­лиа­лы төрағасының бірінші орын­ба­сары Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің Алматы облысы бойынша де­партаменті сыбайлас жемқорлықтың ал­дын алу және парасаттылық басқар­ма­сының басшысы Асқар Садықов, Ал­маты облысы мамандандырылған кү­зет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еділ Тлеуберлинов өз салалары бойынша жемқорлықпен күрес жұмысының нәтижелері туралы баяндама жасады.

Алматы облысында ағымдағы жыл­дың басынан бері мемлекеттік қыз­мет­те заңдардың орындалуын қадағалауға байланысты аудит жүргізіліпті. Аудит қо­рытындысы бойынша 163 талап-ес­кер­ту беріліп, оның 154-і орындалған. Со­нымен бірге, 252 әкімшілік іс қоз­ға­лып, 21 млн 096 мың теңге бюджетке қай­тарылған. Аудиторлық алдын алу шараларына сәйкес 146 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, 99 ескерту, 36 сөгіс, 10 қатаң сөгіс беріліп, 1 лауазым­ды тұлға жұмыстан босатылған. Бұл ақпараттарды Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің Алматы об­лысы бойынша департаменті Сы­бай­лас жемқорлықтың алдын алу және па­расаттылық басқармасының басшы­сы Асқар Садықов айтты.

Ал жемқорлықпен күрес жұмы­сында партия жанындағы қоғамдық кеңес­тің қызметі туралы Алматы об­лыс­тық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сары­баев баяндады. Оның айтуы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа жол берген және партия жарғысына сай келмейтін жат қылықтар көрсеткен партия мү­ше­лерінің мәселелері аумақтық партия фи­лиалдарының Саяси кеңесі бюросы және партиялық бақылау комиссия­ларының отырыстарында қаралған. Тексеріс нәтижесінде, сыбайлас жем­қор­лық әрекеттері үшін жауапқа тар­тыл­ған 7 адам партия қатарынан шы­ға­ры­лып, басқа да қылмыстық әре­кет­тері үшін заң алдында жауапқа тар­тылыпты. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қар­сы өңірде арнайы мобильді топтар құрылып, 547 ұжымды аралап шыққан.

«Азаматтардың сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күресу әрекеттері жоғары бағаланады, ынталандыру шаралары қолданылады. Бұл дегеніміз – сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл халықты жұ­мылдырудың нақты көрінісі болып отыр» дейді семинарды ұйымдастыру­шылар.

 

Болат АБАҒАН, 
Алматы облысы