Елордада Nur Otan партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы басталды.
Партияның басты жиынында оның жұмысын жандандыру жайы талқыланады.
Сонымен қатар Саяси кеңестің бюросына жаңа мүшелер қабылданады.
«Бүгін біз ел дамуының негізгі бағыттары бойынша біраз мәселе жөнінде сөз көтеретін боламыз. Сол үшін саяси кеңестің кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Биыл партиямыз үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын білеміз. Екі съезд өткіздік. Партиямыздың 20 жылдығын өткіздік. Маусым айында президент сайлауында біздің кандидатымыз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті. Халық біздің жұмысымыздың нәтижесін көріп жатыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.