Nur Otan: Саяси кеңес отырысында нені талқылайды?
Nur Otan: Саяси кеңес отырысында нені талқылайды?
5,368
оқылды

Партия төрағасының айтуынша, жаңа саяси жағдайда партияның рөлі артып отыр. Осыған орай бүгінгі кеңесте алдағы мақсаттарды талқылау жоспарланып отыр.

Жалпы, ол үш мәселені талқылауды ұсынды:

1. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы және съездер шешімдерінің орындалуы туралы;

2. Партиялық қайта жүктеудің негізгі бағыттары туралы;

3. Саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Еске сала кетейік, Саяси кеңес – партияның жоғарғы органы. Осы құрылым съезде қабылданған шешімдерді іске асыру бойынша негізгі бағыттарды айқындайды. Кеңестің құрамында 100 адам бар. Оған президенттен басқа парламент палаталарының екі спикері, үкімет басшысы, мемлекеттік хатшы және тағы басқа қоғам қызметкерлері кіреді.

Партияның саяси кеңесі:

·        партия съезінің шешімдерін орындау жөніндегі партия органдары қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді;

·        партияның сайлау науқандарына қатысуына байланысты мәселелерді қарастырады;

·        партияның атынан саяси мәлімдемелер мен үндеулерді қарастырады және енгізеді;

·        қалыптасқан қоғамдық қатынастар бойынша партия ұстанымын белгілейді;

·        партия Төрағасының ұсынысы бойынша өз құрамынан партия Саяси кеңесі Бюросының мүшелерін сайлайды;

·        партия съезін шақырады, олардың күн тәртібін әзірлейді;

·        партияның ішкі пікірталастарын өткізу туралы шешімдер қабылдайды, олардың өткізілуін және қорытындылануын ұйымдастырады;

·        партия съезінің айырықша құзыретіне жатпайтын партия қызметінің басқа да мәселелерін шешеді.

·        Партияның Саяси кеңесі өз құзыретіне жататын жекелеген мәселелерді партияның Саяси кеңесі бюросының қарауына беруге құқылы.