Сот үкімі: Химиялық кастрация
Сот үкімі: Химиялық кастрация
474
оқылды
Таразда он екі жастағы қызды зорлаған қаскөй­ге қатысты сот үкімі шықты. Кеше Жамбыл облы­сының мамандандырылған ауданаралық қыл­мыстық соты 38 жастағы педофилді бірнеше бап бойынша кінәлі деп тапты. Енді оған химиялық кас­трация жасалады. Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі, яғни «Кәмелетке толмаған адам­ға қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» және 120-ба­бы­ның 4-бөлігі, яғни «Кәмелетке толмаған адамға қа­тысты зорлау» баптары бо­йынша кінәлі деп танылған сот­талушы 25 жылға бас бос­тандығынан айырылды. Соны­мен қатар ол химиялық кас­тра­ция рәсімінен өтеді. Сот жәбір­ленушіге 5 миллион теңге көле­мінде моральдық зиянды өтеу жазасын да тағайындады. Есте болса, өткен жылдың қараша айы­ның ортасында 7-сынып оқу­шы­сы сұранып сыртқа шыққан. Осы кез­де пе­до­филь арам пиғылын мектеп дә­ретха­на­сында жүзеге асырған. 45 минут бойы кабинетке кел­меген қызды ешкім іздемеген кө­рінеді. Білім ордасында 20 ка­мера болғанына қарамастан, қыл­мыс­кер дер кезінде ұстал­маған. Себебі аумақты бақылап отыруы тиіс вахтер-күзетші де, инспектор да жұмыс орнында болмаған. Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғадан соң Президент қала әкімі Қайрат До­саевты орнынан босатқан еді. Сондай-ақ білім басқармасының бастығы, қа­лалық білім бөлімінің бастығы және мектеп директоры қыз­метінен кетті. Облыс бас­шысына ескерту берілген еді.   Айдана БЕГІМ