Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының Мәжілістегі фракциясының қатысуымен Үкіметтің арнайы отырысын өткізу қажеттігін айтты.
– Партияның Мәжілістегі фракциясының қатысуымен Үкіметтің арнайы отырысын өткізуді және қалған мәселелерді талқылауды ұсынамын. Мұнан Үкіметке тек пайда бар. Және де шешілмеген мәселелерге басымдық бере отырып, жұмыстардың нәтижесін жария түрде баяндау керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Nur Otan партиясы мен Үкімет бірлесе жұмыс істеуі қажеттігін айрықша атап өтті.
– Біз бір ортақ мәселені – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен еліміздің Тәуелсіздігі мақсатын шешеміз. Бөліп-жаратын ештеңе жоқ. Мұндай шешімдер халықтың мүддесі үшін, халық үшін қабылданады. Демек, бұл мәселелерді бірлесіп шешуіміз қажет, – деді Елбасы.