Мәжіліс депутаты, «Qazaqstan Ardagerleri» Қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл Facebook әлеуметтік желісінде өзінің жеке парақшасын ашты.
Бұл ресурс өзіндік виртуалды қабылдау қызметін атқаратын болады, онда кез келген азамат рұқсат қағазынсыз, жүйке жұқартусыз, тікелей Парламент Мәжілісі депутатына жүгіне алады.
Б.Смағұлдың парақшасы мына сілтемеден табасыз: https://www.facebook.com/baqytbek.smagul.9
Б.Смағұлдың ерекшелігі сол, ол Еуразия құрлығының әр түкпірінде ұрыс салып, халқымыздың өр рухын паш еткен батырларымыздың ізін жалғастырушы, әрі соғыс пен қару-жарақ туралы қазіргі отандық Facebook-блогерлердің көбінен озық білетін әскери сарапшы.
Baqytbek Smagul өз парақшасында халқымыз бен мемлекетіміздің өміріндегі маңызды оқиғалар туралы жазбаларды, сондай-ақ өз өлеңдерін, жеке, эксклюзивті, өзгеде жоқ фотосуреттер мен видеоны орналастырады.