Солтүстік Қазақстанда балықтар қырылып жатыр
Солтүстік Қазақстанда балықтар қырылып жатыр
234
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тұлымбай көлінде 185 килограмға жуық мөңке балық қырылып қалған. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Табиғи ресурстар басқармасы хабарлады.

Тұлымбай көлі – Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Богдановка ауылы маңында орналасқан. Балықтың қырылу фактісі 20 тамыз күні анықталған. Нақты себебі анализдер мен зертханалық тексерістердің қорытындысы шыққан соң белгілі болады.

Бүгінде экология департаменті, ветеринарлық қызмет, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының мамандары зерттеу жүргізу үшін су мен өлген балықтардың сынамасын алған.