Ақтөбе облысында алғашқы жел электр стансасы іске қосылды
Ақтөбе облысында алғашқы жел электр стансасы іске қосылды
Фото: Интернеттен алынды
520
оқылды
Ақтөбе облысында еліміздегі ең ірі жел паркінің бірі іске қосылды. Қуаттылығы 48 МВт «Бадамша» жел электрстансасы ауданды жыл сайын 195 кВт/сағ көлеміндегі электр энергиясымен қамтамасыз етіп, 172 мың тонна көмірқышқыл газының ауаға таралуын тежейді. Жоба  Eni деп аталатын ірі итальяндық энергетикалық компанияның еншілес кәсіпорны ArmWind  ЖШС-не тиесілі. Жоба аясында  ArmWind ЖШС мен GE Renewable Energy компаниясы арасында жел турбинасын орнату туралы келісімшарт жасалған. Ал Қазақстандағы құрылыс саласының көшбасшысы BI Group келісімшарт бойынша бас мердігер ретінде жобалау, сатып алу, құрылыс жұмыстарын өз мойнына алды.  width= «Бадамша» жел электр стансасы Ақтөбе облысындағы алғашқы ЖЭС саналады. Мұнымен қоса бұл Eni-дің жел энергетикасына құйған әлемдегі ең ірі инвестициясы және Қазақстанда аталған сектордың дамуына арналған алғашқы қадам болып отыр. Жобаны толығымен жекеменшік компания қаржыландырған. Ал GE Renewable Energy үшін бұл Қазақстандағы пилоттық (сынама) жоба және Eni-мен серіктестік орнатудағы алғашқы тәжірибе. Eni мен GE Renewable Energy жел турбинасын қою туралы келісіміне 2018 жылы қол қойылған болатын.  width= BI Group құрылысшылары үшін жел паркінің жобасы осы саладағы бірегей тәжірибе болып отыр. Даладағы күрделі жұмыс барысында қазақстандық құрылысшылар тоқтаусыз бетон құйды. Жоба жұмысына 450 адам тартылды. Оның  80%-ы Қазақстан азаматтары, ал қалғаны 25 елден келген адамдар. Осы жобаны Қазақстанда жүзеге асыру арқылы  Eni алдына биік мақсат қойды: 2050 жылға дейін 50% жаңартылатын энергия көздерімен қамтамасыз ету. «Бадамша» жобасы 2017 жылы жасалған меморандум аясындағы Eni, GE және ҚР Энергетика министрлігі арасындағы баянды серіктестіктің нәтижесі.  width=

Фото: Интернеттен алынды