Енді Головкин жаңа промоутермен жұмыс істейді
Енді Головкин жаңа промоутермен жұмыс істейді
295
оқылды

Головкин – Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Madison Square Garden аренасында өтеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин енді басқа промоутермен жұмыс істемек.

GGG әйгілі британиялық промоутер Эдди Хирнмен бірге жұмыс істеу туралы келісімшартқа қол қойған.

GGG-де – жаңа бапкер

«Геннадий Головкин мен Эдди Хирн өздерінің компанияларының ортақ жұмыс істеу туралы келісімге келгенін жариялады. Олардың бірге атқарылатын жұмыстары Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуден басталмақ» деп хабарлады Fightpost.co.uk порталы.

888.png

Инсайдер Майкл Бенсонның хабарлауынша, Хирнмен келісімге келу Головкиннің GGG Promotions компаниясына да тікелей әсер етпек. Яғни, Головкиннің қарамағындағы боксшылар енді DAZN арқылы жекпе-жектерін өткізе алады.

«Эдди Хирнмен келісімге келгенім үшін қуаныштымын. Бұл жаңалық жанкүйерлердің қалауы үшін өте маңызды деп ойлаймын. Мен әрқашан бизнесте табысты болуды мақсат етемін және процестің басталуын асыға күтемін. Бұл келісім бокс жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйламақ» дейді Головкин.

Кәсіпқой бокс әлеміндегі бұл танымал промоутер қазіргі таңда украиналық Александр Усик, британиялық Әмір Хан, Энтони Джошуа, Каллум Смит, Халид Яфай, америкалық Деметриус Андраде, Дэниэль Джейкобс сияқты мықты боксшылармен жұмыс істейді.

Головкин өзінің жаңа бапкерін таныстырды

Еске салсақ, Головкин – Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Madison Square Garden аренасында өтеді. Олар IBF титулына таласпақ.

Головкин өзінің соңғы кездесуін 8 маусым күні канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Ал Деревянченко болса соңғы рет 13 сәуір күні германиялық Джек Кулькаймен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіс олжалап еді.

Инсайдерлер мәліметінше, осы жекпе-жек үшін украиналық боксшы 5 миллион доллардан жоғары сыйақы алмақ. Бұл оның карьерасындағы рекордты сома.