Nur Otan партиясы сапасыз салынған тұрғын үйдің проблемасын шешті
Nur Otan партиясы сапасыз салынған тұрғын үйдің проблемасын шешті
Фото: Интернеттен алынды
5,242
оқылды
Жертөлесі кәріз суына толып, тұрғындар сасық иіске тұншыққан. Қошқарбаев көшесі 80/1 мекенжайынының тұрғындары аталған проблеманы айтып, Нұр-Сұлтан қалалық Nur Otan партиясының филиалына шағымданды. Қалалық партиялық бақылау комиссиясы, құрылыс басқармасы және Алматы ауданы әкімдігінің өкілдері тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, тұрғындарымен кездесуден кейін партиялық бақылау комиссиясы биыл 1 қыркүйекке дейін жертөлелерді ретке келтіруді, шатырды, кіреберістерді жөндеуді, міндетті түрде пандустар орнатуды тапсырды. Бұл проблеманы Nur Otan партиясының қалалық филиалы бақылауға алды.