Түркия мен Әзербайжан әскерлері бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

Түркия мен Әзербайжан әскерлері бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

Түрік және Әзербайжан әскерилерінің бірлескен оқу-жаттығулары басталды, - деп хабарлайды Әзербайжан Қорғаныс министрлігі. Елдердің әскери-әуе күштерінің жазғы тактикалық оқу-жаттығулары 10 тамызға дейін Баку, Нахчыван, Гяндж, Кюрдамир және Евлахта өтеді. Әскери ведомствоның хабарлауынша, оқу-жаттығу жылдық жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Еске салайық, 12 шілдеден бастап Армения мен Әзербайжан шекарасында әскери қақтығыс болуда. Әзербайжан тарапы Армения қарулы күштері артиллерия пайдаланып республика армиясына шабуыл жасағысы келді десе, ресми Ереван Әзербайжан тарапын кінәлайды.