Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңгенің жартысы берілетін болды
Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңгенің жартысы берілетін болды
5,267
оқылды
Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңгенің жартысы, яғни 21 250 теңге берілетін болды. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. «Бұл мәселеге қатысты Президенттің тікелей тапсырмасы бар: екі аптаға созылған карантинге байланысты төлем міндетті түрде жүргізіледі. Алайда бұрынғы соманың жартысы, яғни 42 500 теңгенің жартысы – 21 250 теңгеден беріледі. Бұл соманы біздің азаматтар міндетті түрде алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.