Қарашығанақ жаһандық трендтерден тыс қалмайды
Қарашығанақ жаһандық трендтерден тыс қалмайды
218
оқылды
Осы кезең ішінде ҚПО экс­портқа шығатын шикі газ және отын ретінде пайдаланатын тазартылған газ, сұйық көмір­сутектің тұрақты және тұрақсыз түріндегі мұнай эквивалентінің 75 миллионнан астам баррелін өндірді. Қосымша 5 млрд текше метр қабатқа өндірілген газдың жалпы көлемінің 49,3%-ын құ­райтын шикі газ жіберілді. Қазіргі кезде кен орнын пайда­лануға Қарашығанақ серіктестері 26,6 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Коронавирус пандемиясының кесірінен одан ары бәсеңсуіне қара­мастан, компания өндіріс нысандары 2020 жылға жоспар­ланған барлық өндіру және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып пайдалануда. ҚПО Бас директоры Эдвин Блом: «ҚПО 2020 жылға бекітілген Жұмыс бағдарламасы мен бюджетіне сәйкес сұйық көмірсутек пен газ өндіру бойын­ша өз міндеттемелерін орындайды. ҚПО COVID-19 пандемиясынан туындаған тәуе­келдерді ескеріп, мұнай ба­ға­сының бірқатар ықтимал сценарийінен шыға отырып тиім­ділікті қамту бойынша бар­лық қажетті шараларды қабылдайды» деп атап өтті. «Өндірістік көрсеткіштер бюджетте көзделген деңгейден асып түсті. Өндіру сөресін ұзарту, ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алу және кері айдау­ды 4 компрессоры жобалары іске асыру кезеңінде тұр». «Біз осы дағдарыс әсер еткен бизнес-процестерді реттейтін жаңа цифрлы технологиялар мен алаңдарды енгізу үшін осы мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз. Ол үшін табандылық пен бірегей ойлау қажет және жұмысты то­лық беріліп істеу керек. ҚПО осы дағдарыстан сабақ алып, бұ­дан да мықты компанияға айналатынына және болашақта орын алатын сын-тегеуріндерге жақсы дайындықпен келетініне сенімдімін»,  – деді Эдвин Блом. Қазақстандық қызмет­кер­лердің кәсіби өсуі мен білік­тілігін арттыру компания үшін өзекті мәселенің бірі болып қала береді. ҚПО бірнеше жыл бұрын келешегінен үміт күттіретін қыз­меткерлерді анық­тау және олардың әлеуеті мен  карьерасының жоғарылауына барынша жол ашатын бола­шақтағы дамуы мақсатында жыл­дам дамыту бағдарламасын іске асыра бастады. Бағдарлама кәсіби дамудың тиімді жоспарын дайындауда қатысушыларға қол­дау көрсетуге және карьералық мақсатын анықтауға мүмкіндік берді. Бағдарлама нәтижесі бойынша қатысушылардың 50%-дан астамы солардың кәсіби және карьералық өсу жоспарына сәйкес жоғарылады. Бірінші жартыжылдықта ҚПО жергілікті қызметкерлерінің пайыздық арақатынасы инженерлік-тех­никалық қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын және барлық басшы қызметкерлердің 81%-ын құрады. ҚПО экология мәселесін  назар­дан тыс қалдырмайды. Іс-шаралардың қысқамерзімдісі де, ұзақмерзімдісі де табиғатты пайдаланудың арнайы шарттарын сақтай отырып, бекітілген жос­парға сай атқарылуда. 2020 жылдың бірінші жарты­жылдығында Қара­шығанақтағы газды кәдеге жарату көрсеткіші 99.9%-ды құрады, бұл – әлемдік деңгейдегі жетістік. Бүгінде ҚПО табиғатты қорғау шараларына жасаған инвестицияларының жалпы көлемі 417 миллион АҚШ долларын құрады. ҚПО карантинге қарамастан атмосфера шығарындыларын, ағын су қалдықтарын, қалдық­тарды сақтау және өңдеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны, жер беті және жерасты сулары мен топырақтар мониторингін қоса алғанда, толық көлемдегі мониторингті ары қарай да іске асыратын болады. Бұған қоса, энергия ресурс­тарын тиімді пайдалану дәрежесі мен одан әрі тиімдірек пайдалану мүмкіндіктерін іздестіруді анықтау үшін жаңа энергетикалық аудит толық іске асырылуда. Энергия аудитінің қорытындысы бойынша энергияны үнемдеу  және парник газдарының шығарындыларын азайту бойынша ұзақмерзімді жос­пар жасалатын болады. ҚПО жергілікті өндіру­шілерден тауарлар мен қыз­меттерді сатып алу көлемінен Қазақстандағы мұнай-газ секторы кәсіпорындарының арасында алдыңғы орында келеді. Өнімді бөлу туралы соңғы келісімге қол қойған күннен бастап мыңдаған қазақстандық компания ҚПО-мен бірлестікте халықаралық стан­дарттар бойынша тәжірибе жинады. Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша ҚПО келісімшарттарындағы тауар жеткізу, жұмысты орындау және қызмет көрсетудегі қазақстандық қамту үлесі 59%-ды немесе ақша­лай есептегенде 331 миллион АҚШ долларынан астып түсті. ҚПО Батыс Қазақстан об­лысы­ның әлеуметтік ин­фра­құрылымын дамытуға бағыт­тал­ған көптеген ірі жобаны жүзе­­ге асырады. Қазіргі кезде ҚПО аймақтың әлеуметтік инфра­құрылымын дамытуға жаса­ған инвестицияларының жал­пы көлемі 416 миллион АҚШ долларын құрады. Бұдан басқа, ҚПО денсаулық сақтау мекемелеріне, соның ішін­де интенсивтік терапия бөлім­деріне қажетті құрал-жабдықтар сатып алу арқылы қомақты қолдау көрсетті. ҚПО компаниясы Birgemiz-Oral облыстық қоғам­дық қорының қызметіне қолдау білдіріп, қаржылық көмек көр­сетті. «Біз қазір бұрын-соңды болып көрмеген кезеңді басымыздан өткізіп жатырмыз. Пандемиямен күресте негізгі қиыншылық біздің жалпы қолдауымызға аса мұқтаж мамандандырылған медицина мекемелеріне түсіп отыр. Бұл жағдайдан шет қалуға болмайды, сондықтан тату көршілік саясат пен өзінің корпоративтік және серіктестік принциптерін ұстана отырып ҚПО компаниясы көмек қолын созды», – деді Эдвин Блом. Осы бастамалар компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін және жергі­лікті қауымдастықпен ынты­мақ­тастыққа дайын екенін тағы бір рет растайды. ҚПО өз қызметкерлері мен аймақ тұрғындарының ден­саулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін Қазақстанның  өз міндеттемелерін атқаруға ниетті және алдағы уақытта да оны орындау үшін барлық жағдайды жасайтын болады. Компания коронавирус инфекциясының таралуын шектеу және COVID-19-ды емдеу және алдын алуға қолдау көрсету мақсатында қажетті кешенді қолдау көрсетуді жалғастыруға ниетті. «Болып жатқан дағдарыс әлемдік бизнес қауымдастықтың жұмысқа көзқарасын өзгерте оты­рып, жаңа жаһандық трендтер туғызды және ҚПО бұл жерде де тыс қалған жоқ. Коронавирус пандемиясына байланысты, оған қоса мұнай бағасының құл­дырауынан туындаған сын-тегеу­ріндерді еңсеру үшін, ҚПО өз басымдықтары мен бизнес-процестерін қайта қарауы қажет. Сонымен бірге ҚПО мемлекеттік мүдделерді, бизнестің негізгі мақсаттары мен корпоративтік құндылықтарды біріктіру үшін бақылау органдары, облыстық атқару органдары, салалық серік­тестер мен басқа да мүдделі тараптармен тығыз әріптестікті жалғастырып келеді», –  деді Эд­вин Блом. «ҚПО ұжымы болашаққа бұрынғыдан да нық сеніммен қарайды және аса ірі Қарашығанақ кен орнын Қазақстанмен ты­ғыз ынтымақтастықта игеру жос­парларын атқаруға дайын. Бұл ынтымақтастық уақыт сынағынан өткен, соның арқасында пандемия туғызған қиыншылықты жеңіп, жарқын болашаққа аяқ басатын болады» деп аяқтады өз сөзін Эдвин Блом.  

Арман ҚҰСАЙЫНОВ