Бұл жайында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев фейсбуктегі парақшасында жазған.
– Өткен түні Әнел 38 шақырым қашықтықты 15 сағат 15 минут уақытта гидрокостюм кимей жүзіп өтті. «Қазақстанның темір ханшайымы» атағын бірнеше мәрте иемденген триатлоншымыз Әнел Сыдықованы, бапкерлерін, жақындарын таңдай қағуға тұрарлық жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Спортшыларымыз жеткен жетістік – біз үшін де зор мәртебе!» – дейді аймақ басшысы.
Әнел Сыдықова Оралда дүниеге келген. Жастайынан спортқа бейім болған ол Алматыда жоғары оқу орнын, кейін Кембридж университетін тамамдаған. Әнелді көпшілік Қазақстаннан шыққан Тұңғыш Айронмен (Ironman), Тұңғыш Ультрамен (Ultraman) ретінде таниды.
Яғни, ол суда жүзу, велосипед тебу және жүгіру бойынша марафон қашықтығын бағындырған бірден бір қазақ спортшысы.
Айта кетерлігі, әзірге Әнелдің жалпы ұзындығы 500 шақырымнан асатын Ла-Манш бұғазын бағындыру ерлігін ТМД аумағында ешкім қайталай қойған жоқ. Ол триатлоннан Малайзия, Канада, Швейцария және Нидерланды елдерінде жүлдегер атанды.