Нұротандықтар тұрғындарға азық-түлік себеттері мен құрбандыққа шалынған мал етін таратты
Нұротандықтар тұрғындарға азық-түлік себеттері мен құрбандыққа шалынған мал етін таратты
274
оқылды
«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы барша қазақстандықтарды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады» деп айтқан болатын. Осы ұстанымнан «Nur Otan» партиясының мүшелері де шет қалып жатқан жоқ. Айта кетсек, партия мүшелері Долкунтай Абдухалил Алмалы аудандық филиалымен бірігіп, қаладағы 300-ге жуық медицина қызметкері мен ауданның 150 көмекке аса мұқтаж тұрғынының әрқайсысына салмағы 30 келіні құрайтын азық-түлік себеттерін табыстаса, «DacoMotorsKZ» компаниясының директоры Нұрымбек Тау да 10 отбасына көмектесті. Нұрымбек мырзаның жалпы саны 50 отбасыға көмектесу жоспары бар.
Сонымен қатар, партия мүшелері, қалалық мәслихат депутаты Әміржан Нәбиев құрбандыққа шалған мал етін аса мұқтаж 5 отбасына шұбатпен қосып таратса, энергетика колледжінің директоры Мұхамеджан Тайтөлеев өткен аптадан бастап Әуезов ауданының тұрмысы төмен және көпбалалы 20 отбасына азық-түлік себеттерін, медициналық маска, қажетті дәрі-дәрмек пен ет жеткізді. Сондай-ақ адамдар көп шоғырланатын жерлердегі тұрғындарға жалпы саны 2500 бетперде таратты.
«Бізді ұмытпай, үнемі қолдау білдіріп, көмек көрсетіп жатқаны үшін менің «Nur Otan» партиясына айтар алғысым шексіз. 50 мың теңге материалдық көмек те алдым. Енді қасиетті мерекенің қарсаңында тағы да менің үлкен отбасыма көмектесті», – деді көпбалалы ана. 
Бұл мереке Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді. Бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеуді тілейді! Айт қабыл болсын!