Шын мұқтаждарға ғана көмек берілмек
Шын мұқтаждарға ғана көмек берілмек
346
оқылды

Кеше Қазақстан Үкіметінде баспасөз кон­ференциясы өткен болатын. Кон­ференцияда Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген оты­ры­сында қойған міндеттерді талқыға сал­ды.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдеріне Тұң­ғыш Прези­ден­т – Елбасы Н.Назарбаев биыл 21 тамызда Nur Otan партиясының саяси кеңесінде қойған мін­дет­терді іске асыру шаралары туралы айтып бер­ді.

Премьер-Министрдің орынбасары атаулы әлеу­меттік көмектің жаңа фор­ма­тын іске асыру ту­ралы баяндады. Бүгін­гі таңда 340 мыңнан аса отбасы немесе 1,8 млн қазақстандық осы көмек тү­рімен қам­­тылған. АӘК алушылардың 58%-ы – ауыл тұрғындары. Республикалық бюд­­жеттен тө­ленген қаражат көлемі – 103 млрд теңге. Со­ның нәтижесінде 37 мың адам жұмысқа ор­нал­ас­тырылды, 6 мыңға жуық адам өз ісін ашты. Мә­се­лен, 88 мың ауыл тұрғыны мал, техника т.б. алу мүм­кін­дігіне ие болды.

«Жалпы, АӘК алатын отбасылардың ма­те­риал­дық жағдайы жақсарды. АӘК көлемі бір адамға шаққанда 6 мың тең­ге­ден 15 мың теңгеге дейін артты. Егер бұрын бір отбасыға орта есеп­пен 30 мың теңге төленген болса, қазір – 86 мың тең­ге. Талдау мәліметтері бойынша, АӘК ел эко­но­микасына 300 млрд теңге кө­лемінде мультип­лика­тив­ті әсер бер­-ді», – деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар Б.Сапарбаев АӘК та­ғайын­­дауда көмектің шынымен мұқтаж адамдарға көр­сетілуіне ерекше көңіл бөлінгенін айтты. АӘК тағайындауда табысты бұрмалаудың көптеген фактілері анықталды – барлығы 70 мыңға жуық та­ғайындау қайта қарауды талап етеді. Бүгінгі таң­да тұрақты мониторинг жүр­гізілуде. ЕХӘҚМ-де Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жұмыс істейді, оған зейнетақы қорына қаражат ау­дара­тын барлық жұмыс істейтін қазақстандықтар бойынша мәліметтер келіп түседі. Со­ның не­гізінде азаматтардың жала­қы­сы мен оның от­ба­сының табысы анық­тала­ды. АӘК жосықсыз алу­шылар бойынша жергілікті атқарушы орган­дармен олар­дың нақты табысын нақтылау бойын­ша жұмыстар жүргізеді.

«Біз мұқтаж адамдарды масылдардан ажы­­ратуымыз керек. Егер біз осы кө­мек­ті пайда­ланып, масылдыққа бой ұрсақ, біздің болашағы­мыз не болады, бала­ларымызға қандай тәрбие береміз, біздің еліміз қалай дамиды? Сондықтан бұл мә­селеде қателікке жол жоқ. Дені сау, ең­бек­ке қабілетті адамдар жұмыс істеуі керек. Ол үшін барлық жағдай жасалған», – деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, Ақпарат және қоғам­дық даму министрі Дәурен Абаев бұ­қаралық ақпарат құралдарында жалған ақпарат таратумен күресу және оны заң­намалық тұрғыдан реттеу туралы ай­тып берді. «Елбасының алаңдаушылығын бі­рін­­ші кезекте, азаматтардың ары мен абыройына зиянын тигізетін жалған ақпаратты тарататын аноним ақпарат көздерінің, фейк аккаунттар мен парақ­шалардың көптеп пайда болып жатқаны тудырып отыр, – деді Д.Абаев. – Өз сө­зінде Елбасы бұқаралық ақпарат құрал­дары мен те­лекоммуникация желілерін пай­даланумен орын алатын осындай жағ­дайлар туралы айтты».

Министрдің айтуынша, бүгінде фейк жаңа­лықтармен күресу шара­ларын түрлі мем­лекет­тер­дің үкіметі де, әлеуметтік же­лі­лердің әкім­шілері де жүргізуде.

Ең қызығы, Nur Otan партиясы саяси кеңесі­нің отырысында айтылған Елбасы тап­сырма­лары­на орай өткізілген бас­пасөз мәслихатына жиыл­ған спикерлер партия төсбелгісінсіз келіпті. Неге?