845 отбасыны қуантты
845 отбасыны қуантты
5,340
оқылды

Nur Otan партиясы Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көмек беру мақсатында «Мектепке жол» акциясы өтті. Қайырымдылық шарасына Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынба­сары Бейсен Тәжібаев оқушы­лар­­ды жаңа оқу жылымен құт­тық­тады.

– Nur Otan партиясының дәс­түрлі түрде өткізетін «Мек­тепке жол» республикалық акциясы ая­сында біз әлеуметтік аз қам­тыл­ған отбасыларға қол ұшын беріп келеміз. Биыл акцияның бас­тамасы Сайрам ауданынан бас­талды. Бүлдіршіндер мектеп­ке барар уақытта оқу жабдықта­ры­мен толық қамтылмаса біздің азаматтығымызға үлкен сын бо­лады. Сол үшін оқушылардың алаң­сыз мектепке баруына бар­лық жағдай жасалынуы керек. Бұл ретте партия атынан ұйым­дас­тырылып жатқан акцияға мәс­лихат депутаттары, Nur Otan пар­тиясы фракциясының мү­шелері мен партиялас әріп­тес­теріміздің қосқан үлесі зор, – деді атап өтті Бейсен Дәулетұлы.

Акция шеңберінде партия фи­лиалына балаларын мектепке дайындауға көмек сұраған 24 от­ба­сының балаларына, жалпы 50 оқу­шыға мектепке қажетті оқу-құ­ралдарымен жасақталған сөм­ке­лер табысталды. Акцияға қа­тыс­­­қан сайрамдықтар өті­­ніш­терін қараусыз қалдырмай көмек көрсеткен Nur Otan партия­сы­ның филиалына алғыстарын біл­дірді.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін аудандық мәслихат депу­тат­тары, партия фракциясының мү­шелері мен партияластар тара­пынан 845 отбасыға 4 152 400 теңге көлемінде материалдық кө­мек (киім, оқу құралдары)   көр­сетілген.

Іс-шарадан соң Бейсен Тәжі­баев Сайрам ауданының орта­лығы Ақсукент ауылындағы му­зей ғимаратына барды. Өз ке­зегінде Nur Otan партиясы Түр­кістан облыстық филиалы тө­ра­ғасының бірінші орын­ба­сары құрылысы толық аяқталған нысанның жұмысына оң бағасын берді. Сондай-ақ партияның бас­тамасымен ашылған орталық балалар кітапханасындағы білім орталығының жұмысымен та­ныс­ты. Сайрам ауданы бойынша 2018 жылы аудандық орта­лық­тандырылған кітапханалар жүйе­сіндегі 5 кітапханада білім ор­талықтары жұмыс істеуде. За­ма­науи орталық келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Кітапханада жұмыс істеу үшін барлық жағ­дай­лар жасалған: ыңғайлы крес­ло, үстел, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет, Skype арқылы сұхбат­тасу, принтер, сканер және т.б. қа­жетті құрал-жабдықтар бар.

Нысандарды толық аралаған соң Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев аудандық филиал ғи­маратында аудан тұрғындарын қабылдады. Кездесудің алғашқы қонағы Бақытжан Раймбеков Сайрам ауданы Ақбұлақ елдіме­кеніне жол салу мәселесіне қа­тысты өтінішін білдірді. Ал Фе­руза Юсантаева Nur Otan пар­­­тия­сынан тұрғын үй мәселесі бойынша көмек сұрады.

Тұрғындар өтінішін тыңдаған филиал төрағасының бірінші орынбасары аталған мәселелерді шешу бағытында аудандық партия филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары А.Әбдіқа­дыровқа тиісті тапсырмалар берді.


Әбілмансұр ЖАСАН